14 наурыз күні Педиатрия орталығында онлайн режимде  «Жаңа туылған нәрестелердегі бактерияға қарсы терапияның принциптері» тақырыбында кезекті теледәріс өтті. 

Дәрісті  орталықтың клиникалық фармакологы Айжан Анарбаева жүргізді.

Теледәріске еліміздің әр түпкірінен 100-ден аса учаскелік дәрігерлер, педиатрлар, неонатологтар, педиатриялық бейіндегі салалық мамандар қатысты. Дәріс соңында тақырып бойынша туындаған сұрақтарға  Педиатрия орталығының неонатолог-дәрігері, Неонатология бөлімінің меңгерушісі Айжан Байғұттиева жауап берді.

Аталмыш шара педиатриялық бейіндегі дәрігерлер мен учаскелік мамандар үшін қосымша кәсіптік білім беру мақсатында арнайы өткізілді. 

Айта кетейік, теледәрістер педиатрия саласының өзекті мәселелері бойынша ай сайын өтетін болады.