Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының мамандары: Педиатрия блок басшысы, неонатолог дәрігер Гүлмира Алтынбаева, Неонатология және нәрестелер хирургиясы бөлімінің неонатальды хирургы Қанат Әшірбай және бөлім мейірбикесі Гүлжан Сәдібек Астанада өткен «Бөбек» І Қазақстандық Неонаталды Симпозиум жұмысына қатысып қайтты.
Елімізде алғаш рет өткізілген симпозиумде Педиатрия орталығының мамандары кішкентай сәбилер мен шала туылған нәрестелерді күту, шұғыл көмекті ұйымдастыру, ерте диагностикалау, шала туған нәрестелердің күтімі, туа бітті ақаулармен дүниеге келген нәрестелерге хирургиялық көмек көрсету бойынша тәжірибелерімен және білімдерімен бөлісті.
Шараға республиканың әр өңірінен неонатологтар, акушер-гинекологтар, педиатрлар, неонаталды хирургтар, реабилитолог дәрігерлері және басқа да жаңа туған нәрестелер медицинасының жетекші мамандары қатысты.