Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында балалар онкологиясы мен гематологиясы сұрақтары бойынша өтініштерді қабылдау үшін жедел желі өз жұмысын бастады.


Күн сайын жұмыс күндері сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін +7(777) 610 11 86 телефон нөмірі арқылы хабарласа аласыздар.


Осы нөмірге хабарласу арқылы Сіз балаларға онкологиялық және гематологиялық көмектің қолжетімділігі мен сапасына, оның ішінде емдеу мен көмек көрсетуден бас тарту жағдайларын хабарлауға қатысты сауал қалдыра аласыз.


Әр өтініш мұқият қаралып, тиісті медициналық көмек көрсету бойынша шаралар қабылданатын болады.


Сіздің пікіріңіз біз үшін өте маңызды және біз белсенді диалог арқылы көрсетілетін көмектің сапасын арттыра аламыз.


Бұл ретте телефон арқылы пациентке кеңес беру (диагнозды тексеру, терапияны тағайындау және т.б.) мүмкін емес екенін ескертеміз. Консультациялық және практикалық көмек алу үшін біздің орталықтың диагностикалық кеңес беру бөлімшесінің балалар онкологы мен гематологы мамандарына төмендегі телефон нөмірлері арқылы жазыла аласыздар: +7(727) 299 26 87, +7(727) 299 06 88, +7(777) 129 38 28.
#жеделжелі
#онкология
#гематология
#Педиатрияорталығы