Жас дәрігерлер назарына!!!

Құрметті үміткер! Мемлекеттік білім беру грантының иегері атанып, тегін білім алғың келсе бізге кел! 

3 - 25 шілде күндері аралығында «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ резидентурасына: «Педиатрия», «Балалар хирургиясы», «Балалар онкологиясы және гематологиясы» мамандықтары бойынша құжаттар қабылданады. 3 шілде күні резидентураға құжат қабылдау басталды!!!

Қабылдау емтихандары – 8-16 тамыз аралығында;

Тіркеу – 2024 жылдың 28 тамызына дейін.

Педиатрия орталығы емдеу мекемесі ғана емес, білігі мен білімі ұштасқан тәжірбиелі кадрларды әзірлейтін білім беру базасы, сонымен бірге Қазақстан Республикасындағы педиатрия қызметінің басты үйлестірушісі болып табылады. Орталықта педиатрия мен балалар хирургиясы саласындағы дәрігерлердің көп жылғы тәжірибесі мен медицина және ғылым инновациялары үйлесім тапқан.

Ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми орталықтардың білім беру қызметін рейтингтік бағалау нәтижелері бойынша Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы І-орында және білім беру деңгейі бойынша 5 жұлдызды рейтингке кіреді. 

Орталықтың профессорлық-оқытушылық құрамы ғылыми жетістіктері бар жоғары білікті медицина мамандарынан тұрады. Орталық қызметкерлері қазақстандық және шетелдік мамандармен белсенді ынтымақтастықта жұмыс істейді. 

Орталық бірегей медициналық және оқу жабдықтарымен, заманауи симуляциялық модельдермен және тренажерлармен, компьютерлік сыныптармен, ыңғайлы оқу бөлмелерімен, конференц-залдармен, кең жолақты интернетпен, мультимедиялық проекторлармен жабдықталған. ПБХҒО-да барлық материалдық және адами ресурстар бар. Жас мамандарға білім алуға, білімін тәжірибемен ұштастыруға, біліктілігін арттыруға барлық жағдайлар жасалған. 

?Біздің мекен-жайымыз: Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 146.

? Анықтама үшін байланыс телефондары: 7 (727) 299 13 92, 8 778 216 46 67, 8 701 765 0707,

8 705 992 5252