Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында (ПБХҒО) салтанатты жағдайда «Педиатрия» және «Балалар онкологиясы және гематологиясы» мамандықтары бойынша түлектерге резидентураны аяқтағаны туралы куәліктерді тапсыру рәсімі өтті. 2024 жылы «ПБХҒО» АҚ-да 8 резидент бітіріп шықты, оның ішінде 5 педиатр және 3 балалар онкологы және гематологы. 2010-2024 жылдар аралығында Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында барлығы 239 резидент оқытылды, оның ішінде 178 педиатр және 58 балалар хирургы және 3 балалар онкологы мен гематологы.

Салтанатты рәсім басталар алдында залда әнұран шырқалды, одан кейін түлектерге «ПБХҒО» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы А.Ә. Ерекешов, Басқарма төрағасының ғылыми және инновациялық қызмет жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы А.А. Базарбаева құттықтау сөздерін арнады.

Кіші курс резиденттері концерттік бағдарлама дайындады, сондай-ақ резидентура түлектерін орталықтың сүйікті клоуны, теңдесі жоқ «Кроха Сэм» - Самат Рамазанов қолдап, ән салып, өз өнерін көрсетті.

Орталықтың кәсіподақ комитетінің қолдауымен резидентура түлектеріне естелік сыйлықтар берілді. Бүкіл мереке жарқын эмоцияларға, қуанышты сәттерге және шынайы құттықтауларға толы болды. Жауап сөзінде түлектер Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының қабырғасында білім алу барысында өздерімен бөліскен тәжірибесі, шыдамдылығы, білімі мен даналығы үшін жанына жақын Орталығына, оның басшылығына және өз оқытушыларына шын жүректен алғыстарын білдірді. ПБХҒО резиденттері үшін білім алуға барлық жағдайлар жасалған, жайлы жұмыс ортасы қамтамасыз етілген. Клиниканың кітапхана қорында жыл сайын толықтырылып отыратын көптеген қажетті әдебиеттер бар. Біз Қазақстанның барлық өңірлеріндегі балаларға мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетілетін республикалық орталық болғандықтан, резиденттердің әртүрлі ауыр патологиялары бар балаларды көруге және оларды қарауға мүмкіндігі бар. Резиденттерді даярлау бағдарламасы оларды мультидисциплинарлық топтарда жұмыс істеу дағдыларымен таныстырады, бұл ең күрделі пациенттерді басқару тактикасын таңдауда өте маңызды, тиімділік командалық жұмысты дұрыс ұйымдастыруға байланысты екенін көргенде олардың жауапкершілігін арттырады. Білім алушылар нақты пациенттермен жұмыс істейді, кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру үшін операцияларға көмек көрсетеді және дағдыларды жетілдіру үшін симуляциялық оқыту әдістері қолданылады. Оқытушылар ұжымы 37 дәрігерден тұрады, олардың 70%-ның дәрежелері, жоғары импакт факторлары бар рецензияланатын журналдарда жарияланымдар бар, ҚР клиникалық хаттамаларын әзірлеушілер болып табылады. ПОҚ-ның 80%-дан астамының жоғары біліктілік санаты бар, журналдардың редакциялық алқаларының мүшелері.

Резидентура түлектерінің өміріндегі бұл маңызды және қызықты сәт олардың жүрегінде мәңгі қалады деп үміттенеміз. Осы сәттен бастап әр түлектің өміріндегі жаңа кезең басталады. Қазақстанның денсаулық сақтау саласы ұлт денсаулығы үшін өзінің креативті және заманауи тәсілін енгізе алатын жаңа жас кадрлармен толықтырылды.

Барлық орталықтың, профессор-оқытушылар құрамының атынан біз 2024 жылғы түлектерді шын жүректен құттықтаймыз және олардың кәсіби жолында табыс тілейміз!