2024 08 23 14 44 14 1

Құрметті ата-аналар!!!

Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы пациенттерді Қабылдау бөлімінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты балаларды және олардың ата-аналарын немесе заңды өкілдерін ауруханаға жатқызу, қабылдау мен тіркеу уақытша №2 жаңа ғимаратта жүргізілетінін хабарлайды. 

Сонымен қатар,  Педиатрия орталығы ауруханаға жатқызу жоспарлы түрде жүргізіліп жатқанын еске салады. Науқастарды емдеуге жатқызу үшін, өзіңізбен бірге қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес құжаттар пакеті және зертханалық және аспаптық зерттеу нәтижелері болуы керек.    

Қажетті құжаттар тізімін Орталықтың ресми сайтынан көре аласыздар.  (pediatria.kz  → Ата-аналарға → Ата-аналарға арналған ақпарат → Стационарға емдеуге жатқызу үшін қажетті құжаттар тізімі. Сілтеме: https://pediatria.kz/kz/roditelyam/informatsiya-dlya-roditelej/1558-statsionar-a-emdeuge-zhat-yzu-shin-azhetti-zhattar-tizimi.html)

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Әкімшілік