19 қыркүйекте Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында гибридті форматта «Балалардағы қатерлі ісік диагностикасындағы ПЭТ/КТ» тақырыбында шеберлік сынып өтті.
Шеберлік сыныбына Педиатрия орталығының және «UMC» корпоративтік қорының балалар онкологтары мен гематологтары, рентгенологтар, сәулелік диагностика мамандары, сондай-ақ еліміздің әр аймағынан облыстық балалар онкологтары мен гематологтары қатысты.
Шеберлік сабақта онкология және ядролық медицина саласындағы соңғы жетістіктер талқыланды. Қатысушылар онкологиялық ауруларға шалдыққан балаларды заманауи аппараттарда диагностикалаудың тың әдістерімен танысып, арнайы дәрістерді тыңдады.
Балалардағы онкологиялық ауруларды ерте диагностикалау, әртүрлі балалар ауруларының дифференциалды диагностикасы мәселелеріне баса назар аударылды.
Басты дәрісті Дмитрий Рогачев атындағы балалар гематологиясы, онкология және иммунология Ұлттық медициналық зерттеу орталығының позитронды-эмиссиялық томография және радионуклидті диагностика орталығының басшысы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Ю.Н.Ликарь мен Ядролық медицина орталығының радиологы Е.Ж.Құтжан оқыды. Спикерлер сонымен қатар, қызықты клиникалық жағдайлармен де бөлісті.
#шеберліксыныбы
#Педиатрияорталығы
#дәріс
#біліктіліктіарттыру
#ядролықмедицина
#оқыту