Бүгін, 8 қазан күні Педиатрия орталығында онлайн режимде «Балалардағы мукополисахаридозды ерте диагностикалау және емдеу. Динамикалық бақылау» тақырыбында кезекті теледәріс өтті.
Дәрісті орталықтың гастроэнтерологы, жалпы педиатрия бөлімінің дәрігері А.В.Кисленко жүргізді.
Теледәріске еліміздің әр түпкірінен учаскелік дәрігерлер, педиатрлар, неонатологтар, педиатриялық бейіндегі салалық мамандар қатысты. А.В.Кисленко дәріс соңында мамандар тарапынан тақырып бойынша туындаған сұрақтарға жауап берді.
Аталмыш шара педиатриялық бейіндегі дәрігерлер мен учаскелік мамандар үшін қосымша кәсіптік білім беру мақсатында арнайы өткізілді.
Айта кетейік, теледәрістер педиатрия саласының өзекті мәселелері бойынша ай сайын өтеді.