25 қазан ұлттық мереке - Республика күні. Айтулы күн қарсаңында балалар денсаулығын нығайту жолында елеулі еңбек сіңіріп, денсаулық сақтау ісін дамытуға айырықша үлес қосып келе жатқан Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының дәрігерлері ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің   жоғары наградаларымен және Кәсіподақ ұйымының грамоталарымен марапатталды.

Медицина саласының үздіктерін Басқарма Төрағасының клиникалық қызметтер жөніндегі орынбасары Ерекешов Асылжан Әбубәкірұлы марапаттап, барша қауымды Республика күнімен құттықтады.

Педиатрия орталығында 40 жылдан бері қызмет жасап, бар ғұмырын медицина саласына арнап келе жатқан Функционалдық диагностика бөлімшесінің меңгерушісі Нұрланов Естай Мерғасымұлы, медбике Қырғабақова Зина Мәжитқызы «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.            

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен бар ғұмырын балалар саулығына арнап келе жатқан Урология бөлімшесінің меңгерушісі Әбекенов Бақытжан Дайрабайұлы, трансфузиолог дәрігер Қуанышбаева Аида Жазылбекқызы, №3 балалар онкологиясы және гематологиясы бөлімшесінің аға медбикесі Әлиева Толқын Әділғазықызы, медбике Мұсағитова Гүлмира Баянбекқызы марапатталып, құрметке бөленді.                

Ал, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» медалімен: Анестезиолог- реаниматолог дәрігер Сұлтанқұл Мөлдір Сағындыққызы,       Функционалдық диагностика дәрігері Нұрханова Айжан Төлеухазықызы, медбике Есжанова Индира Нұржанқызы, мейірбике Насурллаева Гүлмира Әбдуманапқызы марапатталып, ерен еңбектері бағаланды.  

Балалар денсаулығын сақтау саласындағы жемісті еңбегі мен денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін берілген Құрмет грамоталарымен: №2 хирургия бөлімшесінің хирург дәрігері Розиев Шукрат Адилжанұлы, Онкогематолог дәрігер Сартбаева Әсем Мұхадиқызы, медбике Раева Раушан Оразханқызы, тіл маманы Шілдебаев Мақсат Сейтімбекұлы, Мейір аға Құлмырза Марат Телағысұлы марапатталды.

Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі мен мінсіз адал еңбегі үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Алғыс хатымен: методист дәрігер Османова Мукарям Турғанжанқызы, шаруа-бике Ағыбай Гүлзада Тоқтасынқызы,дәнекерлеуші Закиров Долкын Токтасынұлы марапатталып, ерекше сый-құрметке бөленді.

Сонымен қатар, салтанатты жиын барысында Кәсіподақ ісін дамыту мен нығайтуға қосқан үлесі үшін  реанимация бөлімінің дәрігері Малика Тоқабаева, шаруа-бике Раушан Будырбаева, аспазшы Гүлбаршын Исмагулова, санитар Ақбота Жланғозина Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Сондай-ақ, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының мемлекеттік тіл саясаты жөніндегі сарапшы маманы Шілдебаев Мақсат Сейтімбекұлы С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің дамуына қосқан үлесі үшін «Санжар Асфендияровтың туғанына 135 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

Ерен еңбектері бағаланып, еңбегі еленген барша марапат иелерін құттықтаймыз!

Адам жанының арашашысы – ақ халатты абзал жандардың еңбектерi қандай марапатқа болса да лайық. Өйткені, олар балалар саулығы жолында аянбай қызмет етіп, қаншама мың сәбилер мен балаларға жаңа өмір, жарық күн сыйлап, тыным таппастан ел болашағы балалар саулығы үшін қызмет етіп келеді.

Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында бар өмірі мен қызметін кішкентай нәрестелер мен балалар денсаулығына арнап келе жатқан 800-ден астам қызметкер аянбай қызмет етуде.

Еліміздің көк туы әрдайым биікте желбірей берсін! Егемендігіміз баянды болсын! Жарқын болашақ, елдің ертеңі - жас ұрпақтың денсаулығын емдеу мен медициналық көмек көрсетуде қосар үлестеріңіз мол болсын!