18 қазан күні «Олжа» футбол алаңында Педиатрия орталығы қызметкерлері арасында футболдан жарыс өтті. Айтулы жарыс Республика күніне орай арнайы ұйымдастырылды.
Кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен өткен жарысқа 30-дан аса қызметкер қатысты. Ақ халаттарын аяқ добына ауыстырған дәрігерлер тамаша ойын көрсетіп, барша қауымды салауатты өмір салтын қалыптастыруға шақырды.
Футбол ойыны қызықты да тартысты өтті. Сайыс қорытындысы бойынша 1 орынға – Мейірағалардан құралған команда ие болды, 2 орынды «Дәрігерлер» командасы иеленді, 3 орын - Резиденттер командасына бұйырды. Ал, төртінші орынды «Шаруашылық бөлімі» командасы алды.
Барлық жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
«Қызметтен тыс, түрлі іс-шаралар әріптестікті арттырып, ұжымды ауызбіршілікке шақырады. Сондықтан, алдағы уақытта түрлі спорттық жарыстарды ұдайы өткізу жоспарымызда бар», деді Кәсіподақ мүшесі Сүндет Саргелов.
#футбол
#Педиатрияорталығы
#шахмат
#жарыс
#Республикакүні


