Тимур Сұлтанғазиев Алматы қаласына жұмыс сапары барысында Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына барып, медициналық ұйымның жұмысымен танысты.

Педиатрия саласындағы ең көне ғылыми орталықтың тарихы 90 жылдан асады. Заманмен бірге дамыған Орталық бүгінгі таңда үш блоктан (педиатриялық, хирургиялық және балалар онкологиясы және гематологиясы орталығы) тұратын 285 төсектік клиника. Мұнда ұйымдастырушылық-әдістемелік, білім беру және ғылыми қызмет те жүзеге асырылады.

Тимур Сламжанұлы алдымен – сәулелік диагностика бөлімінің (КТ, МРТ) жұмысымен танысты. ПБХҒО-ның сәулелік диагностика бөлімінде балаларға жылына 45000-нан астам зерттеу жүргізіледі. Оның ішінде КТ зерттеу – 5000, МРТ зерттеу – 3500. Вице-министр одан кейін кардиохирургиялық науқастарға арналған жан сақтау және қарқынды емдеу бөлімі бар кардиохирургия бөлімшесін, онкология және гематология, онкохирургия бөлімшесі, жаңа туған нәрестелерге арналған жан сақтау және қарқынды емдеу бөлімшесі және ересек жастағы балаларға арналған жан сақтау бөлімшесі сияқты клиникалық бөлімдерін аралап көріп, жұмыстарымен танысты.

Кейін Тимур Сламжанұлы трансфузиология бөлімшесінің, ГДЖТ, Орталық зертханасының жұмысымен танысты. Клиникалық-диагностикалық зертханаға цитология, иммунология, гистология және иммуногистохимия зертханалары, цитогенетикалық зертхана, гемостаз зертханасы, бактериологиялық зертхана кіреді. Орталықтың зертханалық қызметі орталық пациенттерінің жағдайын кешенді диагностикалау мен бақылауды қамтамасыз етеді және елдің басқа медициналық ұйымдары үшін көптеген зерттеулер жүргізеді.

Гемопоэздік дің жасушалар аферезі кабинетіне барған кезде Тимур Сұлтанғазиев дің жасушаларын алу, дайындау және трансплантациялау процесіне қызығушылық танытты. Орталықта гемопоэздік дің жасушаларды трансплантациялау сияқты жоғары технологиялық әдіс белсенді дамып келе жатқаны атап өтілді. 2025 жылы 58 трансплантация жасалды, оның ішінде 18 аутологиялық, 8 гаплоиденттік, 31 аллогендік трансплантация, оның ішінде туыстық емес донорлардан 12 трансплантация жасалды.

Сондай-ақ, операциялық ангиография, дәрілік заттарды орталықтандырылған еріту кабинетінде, онкологиялық және гематологиялық аурулары бар балаларға арналған смарт-сыныбында болды.

Кездесуде әртүрлі мәселелер, соның ішінде Қазақстанның педиатриялық қызметінің және Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының проблемалары мен даму перспективалары, атап айтқанда клиниканың материалдық-техникалық мүмкіндіктері, ғылым, медицина қызметкерлерінің проблемалары және т.б. мәселелер талқыланды. Біздің Орталықтың өңірге ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету орталығы ретіндегі рөлі, нәрестелер өлімі, туа біткен ақауларды диагностикалау және емдеу мәселелері қозғалды.

Клиника басшылығымен кездесу барысында Тимур Сламжанұлы балаларға медициналық көмек көрсету кезінде туындайтын негізгі проблемалармен танысып, дәрігерлердің ұсыныстары мен тілектерін тыңдады.

Кездесу соңында ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сламжанұлы Сұлтанғазиев жыл сайын еліміздің түкпір-түкпірінен 7000-нан астам бала емделіп жатқан Республикалық орталықта жұмыс істейтін барлық дәрігерлерге аянбай атқарып жүрген еңбектері үшін алғысын білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі.

#кездесу

#вицеминистр

#Педиатрияорталығы

#баласаулығы