Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын!?
Құрметті әріптестер, достар!
Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Наурыз — жаңару мен тазару, махаббат пен сұлулықтың, ырыс пен ынтымақтың, ақ пейіл мен татулықтың мерекесі. Ол – өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең.
Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті – Наурыз мерекесі елімізге береке-бірлік, халқымызға игілік, әр отбасына шаттық пен қуаныш, мол ырыс пен құт, бақыт пен молшылық әкелсін!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
#Наурызмерекесі
#құттықтау
#Педиатрияорталығы



