Бүгін, 17 сәуір ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Әлия Рүстемова Алматыдағы іссапары аясында Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында болды.

Вице-министр орталықтың тыныс-тіршілігімен, балалар денсаулығы жолында атқарып жатқан іс-шаралармен, материалдық-техникалық мүмкіндіктерімен, сондай-ақ балаларға көмек беру қызметімен танысты.

Педиатрия саласындағы ең көне ғылыми орталықтың тарихы 90 жылдан асады. Заманмен бірге дамыған Орталық бүгінгі таңда үш блоктан: педиатриялық, хирургиялық және балалар онкологиясы және гематологиясы орталығынан тұратын 285 төсекке арналған клиника. Мұнда ұйымдастырушылық-әдістемелік, білім беру және ғылыми қызмет те жүзеге асырылады.

Жылына орталықта 1 жастан бастап 18 жасқа дейінгі Қазақстанның барлық өңірлерінен 6000-нан астам бала тәулік бойы және күндізгі стационар жағдайында мамандандырылған және жоғары деңгейде қажетті медициналық көмек алады.

#Педиатрияорталығы

#вицеминистр

#іссапар

#балаларсаулығы