15-16 мамыр күндері аралығында Алматыда шетелдік мамандардың қатысуымен «Муковисцидоз және бастапқы цилиарлы дискинезия педиатрлардың назарында» тақырыбында республикалық шеберлік сабағы өтті. Шеберлік сабағы гибритті форматта өткізілді.

Шараға өз елімізбен қатар, Ресей елінің педиатрия, балалар пульмонологиясы, микробиология, орфандық аурулары саласының мамандары, иммунологтар, аллергологтар, балалар онкологтары мен гематологтар, бактериологиялық зертхана мамандары, республиканың әр өңірінен сирек кездесетін аурулардың үйлестірушілері қатысты. Жалпы шараға қатысқан мамандардың саны – 1270. Оның 115-і офлайн режимде, 1160-тан астамы онлайн түрінде қатысты.

Шеберлік сабағында муковисцидозды, бастапқы цилиарлы дискинезияны, өкпенің тұқым қуалайтын ауруларын диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдері, микробиологиялық диагностика, бактерияға қарсы және таргетті терапия, созылмалы инфекцияларды алдын алу, пациенттердегі бронх-өкпе ауруларының асқынуларын емдеу, инфекцияның созылмалы ошақтарын, оның ішінде инвазивті микоздарды және басқа да оппортунистік инфекцияларды емдеу тактикасы мәселелері талқыланды.

Шеберлік сыныбы кәсіби тәжірибе алмасудың, тыныс алу, бронх-өкпе органдарының орфандық аурулары бар балаларға мамандандырылған көмек көрсетудің өзекті мәселелерін талқылаудың және халықаралық кәсіби ынтымақтастықты нығайтудың маңызды алаңына айналды.

Шараның ұйымдастырушылары: ҚР Денсаулық министрлігінің қолдауымен Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы.

#шеберліксабағы

#пульмонология

#орфандықаурулар

#Педиатрияорталығы