Бүгін, 29 мамыр күні Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында Балаларды қорғау күніне орай Ашық есік күні өтті.
Бұл күні ата-аналар Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының жетекші мамандарына балаларын тегін қаратып, кеңес ала алды. Ашық есік күні барлығы 64 балаға тегін консультациялар жүргізілді.
Педиатрия орталығының балалар педиатрлары — пульмонолог, гастроэнтеролог, кардиолог, ревматолог, уролог, хирург, кардиохирург, невропатолог, қан тамырлары хирургы, эндокринолог мамандары балалардың денсаулығын тексеріп, сырқауды емдеу бойынша ата-аналарға қажетті ақпараттарды берді.
«Педиатрия орталығы жанындағы ақылы диагностикалық бөлімге келушілер саны басқа күндері де көп. Бүгінгі акция келушілер үшін нағыз тосын сый болды. Бір ай бұрын жазылған ата-аналар тегін қарап жатқанын біліп, қатты қуанып жатыр. Акцияға арнайы келгендер де көп. Бүгін келген ата-аналар барлық қабылдаулардан тегін өткендері үшін дән ризашылықтарын білдіруде. Балалар үшін де тосын сыйлар әзірленіп, сыйлықтар сыйға тартылды», деді Ақылы диагностикалық кеңес беру бөлімінің меңгерушісі Абылай Арыстаналиев.
#Педиатрияорталығы
#мереке
#Ашықесіккүні
#Балаларкүні


