2017 жылғы 24 шілдеде ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Лязат Актаева мен Қазақстан Республикасындағы Сауд Арабиясы корольдігінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Дахир бен Мутиш Аленази Алматы қаласындағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына келді.
Ғылыми орталыққа Король Саламан атындағы Гуманитарлық көмек орталығының (Сауд Арабиясының корольдігі) өкілдері медициналық жабдықтарды – магнитті-резонансты томограф, сандық рентгендік диагностика аппараты мен кез келген зерттеу түрлері кезінде сапалы бейне алуға және дәл диагностика жасауға мүмкіндік беретін УДД аппаратының кешенін тапсыру мақсатында келген болатын. Бұл медициналық жабдық түрлі жастағы балалардағы аурулардың ерте диагностикасын әрі қарай жақсартуға және жеделдетуге, тексеру уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл кішкентай пациенттер үшін маңызды болып табылады, себебі, науқас балалардың басым бөлігі – 0 жастан 5 жасқа дейінгі сәбилер. Бұл мүмкіндігінше мақсатты түрде ем тағайындауға және осылайша балалардың сауығуына мүмкіндік береді. Жыл сайын республика бойынша орта есеппен 600 жуық балаларда қатерлі жаңа түзілімдер анықталады. Соңғы жылдары медицина жетістіктері арқасында онкологиялық аурулары бар балалардың өмір сүру ұзақтығы артып келеді, олардың басым бөлігінде аурудан жазылу мүмкіндігі бар. Бұл нәтижелерге ерте диагностика мен дер кезінде басталған емнің арқасында қол жеткізілген. Соңғы жылдары Қазақстанда онкологиялық процестің ерт е сатысында ісіктердің алғашқы диагностикасының жақсаруы байқалған (в 2015 г. – 29%, 2016 г. – 37%). Онкологиялық және гематологиялық аурулары бар балаларға көмек балалардағы ісіктер терапиясының халықаралық бағдарламаларына негізделген диагностика мен емдеудің заманау клиникалық хаттамаларына сай жүзеге асырылып келеді. Бұл күрделі ісіктері мен гемобластоздары бар балалардың өміршеңдігін арттыруға мүмкіндік берді. Сонымен немістің BFM бағдарламасын қолдану кезінде жедел лимфобластты лейкозы бар балалардың өміршеңдігі 76,3% дейін, ал жедел миелобластты лейкоз кезінде 42% дейін артқан.
Соңғы жылдары орталықтың тәжірибесіне қайталанған лейкоздары, жүре пайда болған апластикалық анемиясы мен күрделі ісіктердің ауыр түрлері бар балаларды емдеуде гемопоэтикалық бағаналық жасушалардың трансплантациясының жоғары технологиялық процедуралары енгізілді. Аталған технология халықаралық стандарттарға сәйкес келетін тиімді нәтижелерді көрсетті.
{gallery}News_24.07.2017{/gallery}