Педиатрия және балалар хиругиясы ғылыми орталығында ресейлік дәрігерлер «Цитопения синдромы бар ауруларды емдеудің заманауи технологиялары: аплазиялық анемия, миелодисплазиялық синдромдар, біріншілікті иммунтапшылығы, иммундық тромбоцитопениялар» деген тақырыпта қазақстандық мамандарға шеберлік сыныбын өткізуде.
Бір аптаға жалғасатын дәрісті Мәскеудің Д.Рогачев атындағы балалар гематологиясы, онкологиясы және иммунологиясы ғылыми-зерттеу институтының білікті дәрігерлері, атап айтқанда ИГИКТ директоры, РҒА корреспондент мүшесі, профессор Алексей Масчан, аталмыш мекеменің екібірдей орынбасары: иммунология бөлімінің меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Анна Шербина, м.ғ.д.,профессор Наталья Сметанина, ТГСК№1 бөлімінің меңгерушісі Лариса Шелихова жүргізуде.
Республикалық бюджеттік бағдарлама аясында өтіп жатқан шеберлік сыныбына еліміздің әр өңірінен келген 25-тен астам онколог және гематолог дәрігерлер қатысуда.
Ресейлік білікті мамандар бала жасындағы гемотологиялық ауруларды емдеу және диогностикалау бойынша дәріс беріп, тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, гематология, онкология және иммунологиялық аурулардың түрлі дертіне шалдыққын 26 ем алушыны қарап, кеңес берді. Сондай-ақ, цитопения синдромы бар ауруларды емдеудің заманауи технологияларымен таныстырды.
Тренингтің басты мақсаты - балалар жасындағы гематологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу бойынша теориялық білімді және практикалық дағдыларды әрі қарай жетілдіру, балалар гематологиясы, онкологиясы және иммунологиясы саласындағы заманауи ғылыми жетістіктерге негізделген теориялық білім алу, практикалық дағдыларға және шеберлікке үйрету.
{gallery}News_11.10.2017{/gallery}