×

Ошибка

[SIGPLUS_EXCEPTION_SOURCE] Image source is expected to be a full URL or a path relative to the image base folder specified in the back-end but News_13.10.2017 is neither a URL nor a relative path to an existing file or folder.

Бүгін Педиатрия және балалар хиругиясы ғылыми орталығы Чехия Республикасының Мотол университеттік клиникасымен өзара әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойды.

2017 жылғы 11-13 қазан аралығында Прага қаласының Мотол университтетік клиникасынан бас дәрігер, м.ғ.д. – Чмел Роман, халықаралық бөлім жетекшісі – Яна Башева, педиатрия бөлімінің жетекшісі Яна Тежницкая бастаған делегация өкілдері Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында болды.

Әріптестік кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың нәтижелері мен перспективалары талқыланып, денсаулық сақтау, білім беру, академиялық және ғылыми өзара әріптестік саласы бойынша меморандумға қол қойылды.

Мотол клиникасы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының келесідей педиатриялық бағыттар саласындағы стратегиялық серіктесі болып табылады: балалар онкологиясы/гематологиясы, гемопоэздік өзектік жасушаларды трансплантациялау, кардиохирургия, неонатология, нәрестелер хирургиясы, жалпы хирургия, урология, балалардағы соматикалық патология, біріншілікті иммунтапшылығы.

Кездесу барысында Педиатрия және балалар хиругиясы ғылыми орталығының директоры Риза Боранбаева: «Бүгінгі меморандум екі ел арасындағы әріптестігіміздің одан әрі қарай дамуына, жүзеге асуына үлкен қадам болмақ. Бұл құжатта біздің ортақ іс-әрекеттеріміз көрсетілген.Білім, ғылым саласын дамытып, білікті кадрлар даярлау мақсатында қол қойылған меморандум халықаралық ынтымақтастық ғылыми-зерттеу жұмыстары мен білім берудің сапасын көтеруге, медициналық практика және білім берудегі ортақ мақсаттардың алға баса беруіне ықпал етпек», деп атап өтті.

Жұмыс сапары барысында Мотол университтетік клиникасынан келген мамандар орталықтың клиникалық бөлімшелерімен, ғылым-білім беру бөлімінің жұмысымен танысты. Сонымен қатар, Мотол клиникасы туралы фильмді таныстыру рәсімі кезінде алматылық әріптестерінің сұрақтарына жауап беріп, өз тәжірибелерімен бөлісті.

{gallery}News_13.10.2017{/gallery}