2017 жылғы 18 қазан күні Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында Германиядан келген шетелдік дәрігер Урсула Крёйтцигтің қатысуымен балалардағы жіті миелобластық лейкозды емдеу бойынша кездесу өтті.
Урсула Крёйтциг - профессор, медицина ғылымдарының докторы, Мюнстер университеттік клиникасының педиатриялық стационары мен емханасының онкология және гематология бөлімшесінің «AML BFM 2004» балалар мен жасөспірімдердегі миелобластық лейкозды емдеуді оңтайландыру бойынша көпорталықты зерттеудің жетекшісі болып табылады.
Кездесуге орталықтың онкология, гематология, сүйек кемігін трансплантациялау бөлімшелерінің дәрігерлері мен аферез және трансфузиология бөлімі қамтылған гемопоэздік өзектік жасушалардың сапасын бақылау зертханасының қызметкерлері қатысты.
Тәжірибе алмасу мақсатында өткен кездесу барысында шетелдік дәрігер қазақстандық әріптестерімен лейкозды емдеу бойынша тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар кездесуде хаттамадағы соңғы өзгерістер, ГӨЖТ жүргізу үшін көрсетімдердің тарылу себептері және оңалтудың әрі қарайғы кезеңдері талқыланды.
{gallery}News_18.10.2017{/gallery}