Сәби – ата-анаға қуаныш сыйлайтын жаратылыс. Ол – жарқын өмірдің бастауы, ұлт болашағы. Кез-келген мемлекеттің өміршеңдігін білдіретін – өсіп келе жатқан ұрпақ күтімі. Сондықтан да, ана мен бала денсаулығы әрқашан басты назарда қаралатыны сөзсіз. Ғасырға таяу уақыт өмір мен өлім арасындағы кішкентай «жүректерді» сақтап, талай ананың алғысын, әкенің батасын алып, ұлт мүддесі жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан Педиатрия орталығына биыл - 85 жыл. Бүгін айтулы датаға орай, Қазақстан «Педиатрлар Одағы» қоғамдық бірлестігінің Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының 85 жылдық мерейтойына арналған кейейтілген жиыны болып өтті.
Салтанаттышараға ана мен бала саулығына өлшеусіз үлес қосқан ардагер-дәрігерлер, Педиатрия орталығы ұжымы мен басшылығы, орталықтың серіктестері мен әріптес-достары, қазақстандық медициналық мекемелердің басшылары: Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының директоры Расулбек Аипов, Республикалық бабаларды оңалту орталығының директоры Шолпан Булекбаева, Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы директор орынбасары Айман Ысқақова, «Алатау» республикалық балалар клиникалық шипажайының директоры Қаншайым Мұсаева, Ұлттық фтизипульмонология ғылыми орталығының бас фтизиопедиаторы Қағаз Серікбаева қатысты.
Салтанаттышараға ана мен бала саулығына өлшеусіз үлес қосқан ардагер-дәрігерлер, Педиатрия орталығы ұжымы мен басшылығы,орталықтың серіктестері мен әріптес-достары, қазақстандық медициналық мекемелердің басшылары: Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының директоры Расулбек Аипов, Республикалық бабаларды оңалту орталығының директоры Шолпан Булекбаева, Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы директор орынбасары Айман Ысқақова, «Алатау» республикалық балалар клиникалық шипажайының директоры Қаншайым Мұсаева, Ұлттық фтизипульмонология ғылыми орталығының бас фтизиопедиаторы Қағаз Серікбаева қатысты.
Шараға сонымен қатар, еліміздің медицина саласы мен педиатрия орталығының дамуына, медициналық кадрларды дайындау мен бала денсаулығын нығайтуға өлшеусіз үлес қосқан дәрігерлер –ҚР қоғам қайраткері, медицина ғылымдарының докторы, профессор Нина Каюпова, қазақ балалар хирургиясының атасы Камал Ормантаев, академик Төрегелді Шарманов, медицина ғылымдарының докторы, профессор Тамара Чувакова және т.б. қонақтар қатысып, орталықтың мерейтойымен құттықтап, жүрекжарды лебіздерін білдірді.
Шараның ашылу салтанатында Педиатрия және балалар хирургиясы орталығының директоры Риза Боранбаева: «Педиатрия орталығы республикамыз бойынша барлық балаларға медициналық көмек көрсететін еліміздегі көне медициналық ұйымдардың бірі, бұл жерде жоғары білікті мамандар дәрігер-педиатрлар, бала хирургтары, ғылыми қызметкерлер, білікті мейірбикелер қызмет етеді. Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының Ана мен нәрестелер институты болып негізі қаланған сәттен бастап заманауи диагностикалық және емдеу жабдықтарымен жарақталған қазіргі Ғылыми орталыққа дейін дамыған үлкен тарихы бар. Біз барлығымыз осындай Орталықта жұмыс істеуге мүмкіндігіміздің болғанын және педиатриялық қызметтің негізін қалаған ұстаздарымыздың ісін жалғастыру жолындағы үлесімізді мақтан етеміз», деп атап өтті.
Орталықтың мерейлі 85 жылдығымен құттақтаушылар легі көп болды. Республикадағы ең жетекші ғылыми-зерттеу және клиникалық мекемені медициналық ұйымдардың басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ардагер-дәрігерлер мен орталықта ұзақ жыл қызмет жасап кеткен, еңбек сіңірген қызметкерлері де құттықтап, жылы лебіздерін жеткізді.
Түстен кейін конференциямен жалғасқан алқалы басқосуда Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының өткені мен бүгіні, жетістігі мен дамуы сөз болып, еліміздегі педиатриялық қызметтің бағыт-бағдары сараланды. Конференцияда сондай-ақ, фтизиопедиатрияның өзекті мәселелері, онкологиялық, гематологиялық көмек беруді ұйымдастыру, зертханалық қызметтің, балалар кардиохирургиясы қызметінің дамуы, онкологиялық ауруларға шалдыққан балаларды оңалтудың бүгінгі жағдайы сынды балаларды емдеудегі өзекті меселелер талқыланып, баяндамалар оқылды.
Шара аясында орталықта ұзақ жылдар қызмет атқарған, ел болашағы-балалар мен нәрестелерді емдеп, ұлт денсаулығын жақсартуға өлшеусіз үлес қосқан қызметкерлер мен ардагер-дәрігерлермарапатталды.
Педиатрия және балалар хирургиясы орталығының негізі 1932 жылы 28 қарашада Ана мен бала денсаулығын қорғау ғылыми зерттеу институты ретінде қаланды.Бүгінде орталық білікті де тәжірибелі мамандары, қуатты материалдық базасы бар, жаңа заман талаптарына сай медициналық технологияларды қолданатын жетекші ғылыми-зерттеу және клиникалық мекемеге айналып отыр. Педиатрия жəне бала хирургиясы ғылыми орталығы емдеу мекемесі ғана емес, білігі мен білімі ұштасқан тәжірбиелі кадрларды әзірлейтін білім беру базасы, сонымен бірге Қазақстан Республикасындағы педиатрия қызметінің басты үйлестірушісі болып табылады. Орталықтың басты мақсаты – инновациялық технологияларды және медицина ғылымының озық жетістіктерін қолдана отырып Қазақстандағы балалардың денсаулығын сақтау және нығайту, балаларға сапалы медициналық қызмет көрсету. Мекемеде 700-ден астам қызметкер аянбай еңбек етуде, оның ішінде – 147 дәрігер, 1 академик, 20 медицина ғылымдарының докторы жəне 27 медицина ғылымдарының кандидаттары бар. Педиатрия жəне бала хирургиясы ғылыми орталығы қызметінің басты бағыттары: балаларға жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету; ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу; инновациялық технологияларды енгізу; ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстары, дәрігерлер мен ғылыми қызметкерлердің біліктілігін арттыру.Орталық озық әлемдік клиникаларда түрлі тағылымдамалардан өткен кәсіби кадрлармен жасақталған.
Қазіргі уақытта орталық 6000-нан астам бала емделуге мүмкіндігі бар 285 төсек-орынмен қамтамасыз етілген. Педиатрия жəне бала хирургиясы ғылыми орталығында туа біткен даму ақауын, қан ауруларын, қатерлі ісікті, тыныс алу және ас қорыту органдарының ауруларын, тұқым қуалайтын синдромдарды, біріншілікті иммунтапшылығын және басқа да балалар жасындағы күрделі ауруларды әлемдік стандарт бойынша емдейтін хирургия, неонатология, онкология және гематология, соматика, пульмонология, кардиоревматология, балалар кардиохирургиясы жəне интервенциялық кардиология, нəрестелердің жан сақтау бөлімі сынды 25-тен астам бөлімдер бар. Мұнда заманауи техникалық құралдармен жабдықталған зертхана қызмет көрсетеді. Орталық емдеу мекемесі ғана емес, тәжірбиелі кадрларды дайындау базасы ретінде танымал. «Педиатрия» және «Бала хирургиясы» саласы бойынша резиденттер да осында оқытылады. Мамандардың біліктілігін арттыру да жолға қойылған.Орталық көптеген халықаралық клиникаларымен, орталықтарымен жəне қоғамдарымен ынтымақтастық орнатып, Израиль, АҚШ, Оңтүстік Корея, Ресей, Германия сынды әлемдік жетекші клиникалармен жұмыс жасайды.
2012 жылдан бастап мекемеде телемедицина бағыты қолған алынған. 2016 жылы 217 телекеңес берілді. Заманауи тәсіл арқылы Республика бойынша еліміздің әр түкпіріндегі барлық клиникалар Педиатрия жəне бала хирургиясы ғылыми орталығы мамандарынан кеңесіп отырады. Сондай-ақ, үнемі шет ел мамандарымен медициналық пікір алмасулар өткізіліп тұрады. Мекемеде Қазақстанның барлық өңірлерінен келген 18 жасқа дейінгі балаларға тәулік бойы және күндізгі стационар жағдайында медициналық көмек көрсетіледі. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап клиникада балаларды емдейтін әлем талаптарына сай, ең заманауи, жоғарғы технологиялар енгізілген.
Орталық балалардың денсаулығын қорғауда қол жеткізген жетістіктері үшін Халықтар Достығы орденімен және «Сапа үшін Еуропалық Гран При» халықаралық байқауының «Медицина саласының көшбасшысы» Бас жүлдесімен марапатталған.
Орталықтың білікті дәрігерлері 85 жылдан бері қаншама сәбиді өлім аузынан аман алып келе жатқандығы рас. Әрбір нәрестенің ел болашағына яғни Мәңгілік Ел болуына үлес қосар азамат боларын естен шығармайтын Педиатрия және бала хирургиясы орталығы 85 жыл бойы ұлт мүддесі, бала денсаулығын сақтау мен нығайту жолында аянбай еңбек етуде. Клиника қызметкерлерінің барлығы өз мамандығына адал жандар. Орталық өз жұмысын алдағы кезде де заман талабына сай жетілдіріп, жас мамандарға білім беру мен ғылыми ізденістерді ұштастыра жүргізу арқылы, мемлекеттік «Денсаулық» бағдарламасының табысты жүзеге асуына, ұлт саулығын жақсартуға өздерінің үлестерін қоса берері сөзсіз.
Мемлекеттің басты байлығы – адам. Бүгінгі сәби мен ананың амандығы – ертеңгі ұлт саулығы, ел болашағы. Сондықтан да орталық мамандарына жүктелер жауапкершілік те зор.
{gallery}News_27.10.2017{/gallery}