×

Ошибка

[SIGPLUS_EXCEPTION_SOURCE] Image source is expected to be a full URL or a path relative to the image base folder specified in the back-end but News_24.11.2017 is neither a URL nor a relative path to an existing file or folder.

Педиатрия және балалар хирургиясы орталығы қызметкерлері денсаулық сақтау саласындағы қазақ тілінің мәртебесіне арналған «Мәңгілік ел: Қазақстанның кемел болашағы» атты ІІ республикалық байқауының жүлдегерлері атанды.

Байқау ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақтан халқына Жолдауын іске асыру және елімізде тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткізілді.

Байқаудың басты мақсаты — мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырып, оның қолданыс аясын кеңейтуге қомақты үлес қосып жүрген медицина ұйымдарының басшыларын, қызметкерлері мен тіл мамандарын ынталандыру, қазақ тілінің денсаулық сақтау жүйесіндегі қолданыс аясын кеңейту, мемлекеттік тілді оқыту сапасы мен деңгейін көтеру.

Республикалық деңгейде өткен байқауға облыстық және қалалық Денсаулық сақтау Басқармалары,  емханалар мен ғылыми орталықтар,  денсаулық сақтау мекемелері мен ұйымдар қатысты. Қатысушы үміткерлер «Үздік басқарма», «Үздік ұйым»,«Үздік тіл маманы», «Тіл жанашыры», «Тіл ардагері», «Үздік тіл оқытушысы», «Жас дарын», «Үздік сайт», «Даналық», «Талаптыға нұр жаусын» деп аталатын 10 аталым бойынша сынға түсті. Үздіктерді елімізге белгілі тіл мамандары, мәдениет және қоғам қайраткерлері анықтады.

Тіл білгірлері сайысқа түскен байқауда Педиатрия және балалар хирургиясы орталығының невропатолог дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты Жақауова Нұрбибі Еркебайқызы қазақ тілі мен мәдениетінің дамуына көп жылдар бойы еңбек сіңіріп келе жатқаны үшін  «Тіл ардагері» атанса, онкогематалогия бөлімінің психологы Нүсіпжанова Гүлжамила Қадірбекқызы «Даналық» аталымының жеңімпазы атанды. Қашанда БАҚ-та  ұдайы  медицина саласы бойынша түрлі материалдар жариялап, теле-радиоларда сұхбаттар беріп, көпке үлгі болып, қоғамның рухани жаңғыруына, мемлекеттік тілді дамытуға зор үлес қосып жүрген Гүлжамила Қадірбекқызының психолог ретінде де тигізіп жүрген еңбегі зор.  

Байқау жеңімпазы атанған орталық мамандары елімізге танымал тіл жанашыры, қоғам қайраткері Асылы Османның қолынан сертификаттарға ие болып, төс белгілермен марапатталды.

Педиатрия орталығы ұжымы мен басшылығы атынан марапат иелерін жүлделерімен құттықтап, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақыт, қызметтеріңізге табыс, мемлекеттік тілді дамыту, денсаулық саласын нығайту мен сапалы медициналық қызмет көрсету бағытындағы абзал еңбектеріңіздің жана беруіне тілектеспіз!

{gallery}News_24.11.2017{/gallery}