×

Ошибка

[SIGPLUS_EXCEPTION_SOURCE] Image source is expected to be a full URL or a path relative to the image base folder specified in the back-end but News_29-2.12.2017 is neither a URL nor a relative path to an existing file or folder.

Бірнеше күннен бері Педиатрия және балалар хирургиясы орталығында ем алушы балалар үшін жаңажылдық қайырымдылық шаралар өтуде.

Кеше «Бауыржан» қоры еріктілер тобымен бірге «Аяз ата бол!» атты жаңажылдық акция өткізсе, бүгін «Кока-кола» компаниясы мен «Ain Capital» ЖШС-ы келіп Жаңа жыл мерекесіне орай сый-сыяпат жасап, бүлдіршіндерді қуаныш пен шаттыққа бөледі.

Екі ұйымның өкілдері орталықтың онкология және гемотология бөлімінде жатқан 100-ден астам балаларға кітаптар, комикстер, тәттілер, жұмсақ ойыншықтардан бастап, дамытатын түрлі ойыншықтарды сыйға тартса, «Ain Capital» ұйымы балалардың Аяз атаға арнап жазған хаттағы тілектерін орындап, қалаған сыйлықтарын табыстады. Мәре-сәре болған балалар өз кезегінде алғыстарын білдіріп, мерекелік көңіл-күй сыйлаған Аяз ата мен Ақшақарға өнерлерін паш етті.

«Бүгінгі шара Бауыржан қорының еріктілері: Динара Тұрғалиқызы, Юлия Марченко, Василий Симонов, Шырын Сарсенбекова есімді жақсы жандардың көмегімен іске асты. Қатерлі дертке шалдыққан бүлдіршіндерді қолдауға, қуаныш сыйлауға атсалысқан, бүгінгі сыйлықтарды ұсынған Алмалы ауданы Халыққа қызмет көрсету орталығы мен «Crossover» комикс дүкеніне үлкен алғысымызды білдіргіміз келеді. Бір сәтке болсын көтеріңкі көңіл-күй сыйлағанымызға қуаныштымыз. Балалардың шынайы қуанышы мен риясыз күлкісін көруден асқан бақыт бар ма? Барлық балалардың тезірек жазылып кетуіне тілектеспіз!», деді «Бауыржан» қорының өкілі Майра Алжанова.

Қазақстандағы «Кока-кола» компаниясы 11 жылдан бері Педиатрия орталығындағы балаларды Жаңа жыл қарсаңында құттықтауды дәстүрге айналдырған. Биыл да дәстүрінен айнымай кішкентай пациенттерді құттықтап, сыйлықтарымен, арнайы аниматорларымен келіп, жан шуағын сыйлап, балалар мен олардың ата-аналарын қуантты. Аталмыш компания сонымен қатар, Балалар күнінде де келіп, емделушілерді мерекемен құттықтап, ұдайы қолдау көрсетіп отырады.

Мереке қарсаңында балаларды қуантуға келген «Ain Capital» ЖШСөкілі Гүлмира Жұмаева: «Біздің ұйым алғаш рет орталықтағы ем алушы балаларға жаңажылдық шара өткізіп отыр. Ұйым мен басшылық ауыр дертке шалдыққан балалар Жаңа жылға қандай сыйлық алғысы келетіні туралы «Аяз атаға хат» атты жобаға бірден қолдау танытты.Біз жәшікке салынған әр баланың хатын алып, қалауларын орындадық. Әр баланың ғажайыпқа сенетіні белгілі. Біз де сол ғажайыптың орын алатынына сенім артып, әр баланың жазылып кетуін шын жүректен тілейміз! Ерекше сәт сыйлау, тамаша әсер қалдыру, қуаныш сыйлау, балалар мен ата-аналарына қолдау көрсету - біздің басты мақсатымыз. Жаңа жылда жаңа үміттер мен армандар орындалсын!», деді.

Жаңа жыл мерекесін барша бала асыға күтетіні анық. Бүлдіршіндер үшін бұл мереке жұмбаққа, ғажайыпқа толы қызықты әрі асыға күтетін күн. Әр бала арманын айтып, ғажайыптың орындалатына сенеді. Ендеше біз де сенейік… Уақытша ауыртпалық күні ертең ұмыт болады. Тек келешекке деген сенім мықты болсын! Бір сәтке болсын бала жанын қуантуға асыққан, демеу көрсетіп, қолдау білдірген барша ұйымдарға алғысымыз шексіз.

{gallery}News_29-2.12.2017{/gallery}