Бүгін Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Қазақстан халқына арналған Жолдауын талқылады.
Жолдаудың мәні мен маңызын түсіндіру, талқылау, мүмкіндіктерін сараптау мақсатында өткен алқалы жиынға орталықтың басшылығы, әкімшілік құрамы, бөлім меңгерушілері мен дәрігерлер қауымы қатысты. Сонымен қатар, бас қосуға С.Асфендияров атындаға ҚазҰМУ-дың балалар аурулары кафедрасының оқытушылары қатысты. Жиында ел алдында қойылған биылғы Жолдаудың негізгі он басымдығы сараланып, Жолдауға қатысты ой-пікірлер ортаға салынды.
Жиынды ашқан Педиатрия орталығының директоры Риза Боранбаева Елбасы Жолдауындағы басты қадамдарға жан-жақты тоқталып өтіп, онда көрсетілген әр реформа мен денсаулық саласына қатысты орталық алдында қойылған міндеттерді атап өтті.
{gallery}News_10.01.2018{/gallery}