×

Ошибка

[SIGPLUS_EXCEPTION_SOURCE] Image source is expected to be a full URL or a path relative to the image base folder specified in the back-end but News_08.02.2018 is neither a URL nor a relative path to an existing file or folder.

Қазақ эстрадасының танымал өнер жұлдызы Қайрат Нұртас ауыр дертке шалдыққан Айдана есімді қыздың өтінішімен Педиатрия орталығында болып, халін білді.

 

Жақында ғана отадан шыққан Айдана сүйікті әншісін бір көруді армандапты. Кішкентай жанкүйерімен танысқан әнші Айданаға және барша онкогематология бөлімінде ем алушы балаларға ақ тілегін білдіріп, тез сауығып кетулерін тіледі. Әнші басқа бөлмелерде жатқан балалардың да қал-жағдайларын сұрап, әңгімелесті.

 

Кішкентай қыздың бір ауыз тілегін орындаған ақ жүректі Қайрат Нұртасқа және кездесуді ұйымдастыруға мұрындық болған «Амила» қорына алғысымызды білдіреміз. Ниеті мен тілегі қабыл болсын! Бұл кездесу балалардың сырқаттан сауығып кетулеріне септігін тигізеді деген үміттеміз. Ата-аналарына төзімділік пен сабыр, сенім мен үміт тілейміз! Дүниеде ешқандай сәби ауырмасын, ауру атаулы ананың көңіліне қаяу түсірмесін!

 

Қайырымды, мейірімді, кең пейілді болу қазақ халқының қанында бар қасиет. Бұл дүниеде ананың көз жасы мен баланың ауырғанын көруден артық қасірет жоқ. Мұндай тағдырды ешкім өзіне тілеп алмайды. Әр жүрекке мейірімділік, ізгілік, адамгершілік тәрізді асыл қасиеттерді ұялату, қиналған жандарға қолдау көрсету, тағдырдың жазуымен жаралы болғандарға жәрдем беру әрбір азаматтың парызы.

 

«Педиатрия және балалар

хирургиясы ғылыми орталығы»

баспасөз қызметі

{gallery}News_08.02.2018{/gallery}