Елбасы Н.Ә.Назарбаевтің тапсырмасымен қазақстандық отбасыларды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге арналған «Нұрлы жер» бірыңғай тұрғын үй құрылысы бағдарламасы жасалғаны баршаға аян. Аталмыш бағдарлама аясында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ-ы арасындағы меморандумның жүзеге асуымен медицина саласының қызметкерлері де баспаналы болуда.
Бүгін Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының басшысы Риза Боранбаева «Нұрлы жер» бағдарламасыбойынша Алматы қаласы «Алғабас» ауданынан баспаналы болған 8 қызметкерді қуаныштарымен құттықтап, сый-сыяпат жасады.
Көптен күткен қуаныштарымен орталықұжымы мен басшылығы, барша әріптестері мен достары құттықтап, ізгі ниет тілектерін білдірді.
«Жаңа пәтерге қол жеткізген орталық қызметкерлерін қуаныштарымен құттықтаймын! Медициналық мекемелер ішінде біздің орталықтың қызметкерлері ең көп пәтер кілтіне ие болды. Әлі де бір қызметкеріміздің өтініші қаралуда. «Нұрлы жер» бағдарламасы дәрігерлердің баспана мәселесін шешіп қане қоймай, еліміздің кадр әлеуетін арттыруға өз септігін тигізері сөзсіз. Бала денсаулығын нығайтуға қосар үлестеріңіз көп болсын!Қоныстарыңыз құтты болсын! Үйлеріңіздің шаңырағы биік, керегесі кең болып, жаңа үйдің ішінде тек татулық пен береке, қуаныш пен бақыт, құт пен ырыс салтанат құрсын!» - деп ақ тілегін білдірді Р.Боранбаева.
Пәтер кілтіне арнайы іріктеу бойынша көп жылдарден бері медицина саласына бар өмірін арнап, өлшеусіз үлес қосып келе жатқан білікті дәрігерлермен қатар, жас дәрігерлер де ие болды. Жылдар бойы жаңа қонысты күткен дәрігерлердің қуанышында шек жоқ.
«Педиатрия және балалар
хирургиясы ғылыми орталығы»
баспасөз қызметі
{gallery}News_20.02.2018{/gallery}