28 наурыз күні Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында «Балалар онкологиясын емдеудің инновациялық әдістері» атты тақырыпта ғылыми-практикалық семинар болып өтті. Дәрісті Түрік елінің «Аджибадем» клиникасынан келген профессор-дәрігерлер: Сабина Мустафаоглу, Инджи Айян, Фулья Агаоглу, Бурак Тандер өткізді.
Шетелдік дәрігерлер алдымен Педиатрия орталығының тыныс-тіршілігімен танысты.
Семинарда Түрік елінің дәрігерлері балалар онкологиясын емдеудің инновациялық әдістерімен және бұл ауруды емдеудегі хирургияда енгізілген тың жаңалықтарымен бөлісті.
Тәжірибе алмасу мақсатында өткен шараға орталықтың барлық онколог, гематолог, сәулелі диагностика бөлімінің дәрігерлері, балалар хирургтары қатысты. Семинар соңында мамандар пікір алмасып, пациенттерге біріккен консультациялық кеңестер берді.
Айта кетейік, «Аджибадем» клиникасы жүйесіне 21 көпсалалы клиникалар мен әлемнің 4 елінің (Турция, Нидерланы, Болгария, Македония) 19 медициналық орталықтары кіреді. Клиника базасында 7 онкологиялық орталықтар (хирургия, сәулелі терапия/радиохирургия, химиотерапия) бар.
«Педиатрия және балалар
хирургиясы ғылыми орталығы»
баспасөз қызметі
{gallery}News_28.03.2018{/gallery}