×

Ошибка

[SIGPLUS_EXCEPTION_SOURCE] Image source is expected to be a full URL or a path relative to the image base folder specified in the back-end but News_20.04.2018 is neither a URL nor a relative path to an existing file or folder.

{gallery}News_20.04.2018{/gallery}

Қазақстан Республикасында босандыру және балалық шақ қызметтерінің жұмыс тиімділігін арттыру және біріктірілген үлгісін енгізу бойынша Үйлестіру кеңесі отырысының хаттамалық тапсырмасына сәйкес 2018 жылғы 20 сәуірде Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында өңірлік үйлестірушілерінің қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.

Кеңеске Астана, Алматы қалаларынан және 12 облыстан өңірлік үйлестірушілер, ПБХҒО қызметкерлері, ҚазҰМУ-дың бала аурулары кафедрасының ассистенттері қатысты.

Жиынды Педиатрия орталығының директоры Риза Боранбаева ашты. Барлық аймақтық үйлестірушілердің басын қосқан жиында ұйлестірушілердің өңірлердегі жұмыс нәтижелері, жұмыс барысында кездескен күрделі мәселелері мен оны шешудің жолдары туралы ұсыныстары тыңдалды. Сонымен қатар, ПБХҒО базасында бала жасындағы ауруларды ықпалдастыра қарау республикалық орталығының ұйымдастырушылық мәселелері, 2018 жылға арналған шаралар жоспары талқыланып, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 29.12.2017 жылғы №1027 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты ұсынылды.

Жиын аясында балалар өлім-жітімін тіркеу мен есепке алу бойынша оқыту-семинары өтті. Семинарды дәріскерлер: Мединформ компаниясының директоры Юрченко Ирина Васильевна, осы ұйымның маманы Берестнева Оксана Николаевна, С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің бала аурулары пропедевтикасы кафедрасының доценті Абдуллаева Гульбан Махаметжанқызы өткізді.

 

ҚР ДСМ Педиатрия және балалар

хирургиясы ғылыми орталығы

8 (727) 2696952