×

Ошибка

[SIGPLUS_EXCEPTION_SOURCE] Image source is expected to be a full URL or a path relative to the image base folder specified in the back-end but News_25.04.2018 is neither a URL nor a relative path to an existing file or folder.

{gallery}News_25.04.2018{/gallery} 

23-25 сәуірде Мәскеудегі Д.Рогачев атындағы балаларға арналған гематология, онкология және иммунология Ресей федеральдық ғылыми-клиникалық орталығында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік кеңсесі мен Қасиетті Иуда Балаларды зерттеу госпиталінің (АҚШ) ұйымдастыруымен   ТМД елдерінің балалар обыры саласындағы сарапшыларының кездесуі өтті. 11 елдің қатысуымен өткен шараның басты мақсаты - Еуразиялық аймақтағы онкологиялық ауруларға шалдыққан балалардың өміршеңдігін жақсарту мен өңірлердегі мамандарды біріктіретін бірлескен жұмыс тобын құру.

 

Басқосуда американдық, британдық және француз мамандары бала обырының эпидемиологиясы, себептері және бала обырының даму тәуекелі факторлары бойынша арнайы баяндамалар жасады.

 

Жиында жылына бала обырының 200 мыңнан астам жаңа жағдайлары анықталады, осы аурудан 80 мың бала қайтыс болады, балалардағы обырға профилактика жасау мүмкін емес, себебі олар ересектер сияқты тәуекелдік факторына душар болмайды және көп жағдайда олардағы онкологиялық үдерістің даму себептері жатырішілік әсер болып табылады, деп атап өтілді. Обырды зерттеу жөніндегі халықаралық ұйымның деректері бойынша, балалардағы қатерлі ісіктердің даму себебінің 20%-ы генетикалық бұзылыстан болуы және сондай-ақ жүктілік кезіндегі ананың басынан өткізген инфекцияларынан, ата-аналардың пестицидтердің әсеріне шалдығуы да болуы мүмкін. Ал мынау жиында айтылған жаңа факт! Дене салмағы 4000 гр-нан асып туылған балаларда онкологиялық аурулардың даму тәуекелі жоғары және туылған кездегі салмағының 1 кг-ға артық болуы обырдың туындау тәуекелін 26%-ға арттырады.

 

Кездесуді ұйымдастырушылардың бірі, Қасиетті Иуда америкалық госпиталінің басшысы лейкемияға шалдыққан балалардың өміршеңдігін 96%-ға дейін көтеру перспективасы туралы баяндамасын ұсынды. Олар «Ешбір бала өмірінің шарықтау шағында өлуге тиіс емес» ұранымен жұмыс жасайды. Қазір әлемдегі обырға алғаш шалдыққан 200 мың баланың 80%-ы мүмкіндігі шектеулі елдерде өмір сүруде және олардың заманауи емделуге қолы жетпейді. Сондықтан 2017 жылғы 31 мамырда ДДСҰ-ның барлық тарихында балалар онкологиясы бойынша отырыс өтіп, мүмкіндігі шектеулі елдердің денсаулық сақтау саласын нығайту үшін көмек көрсетуге шешім қабылданды. Негізгі миссия Қасиетті Иуда америкалық госпиталіне жүктелді. Сонымен қатар, Еуразиялық аймақтағы онкологиялық ауруларға шалдыққан балаларды емдеуде жетістікке жету мемлекеттің қолдау көмегі арқылы, ДДСҰ-мен бірлесе жұмыс істеу мен алдыңғы қатарлы әлемдік орталықтардың халықаралық сарапшыларымен ынтымақтастық арқылы қол жеткізуге болатындығы айырықша атап өтілді.

 

Қазақстаннан Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының директоры Р.З.Боранбаевадан өзге, «Ана мен бала» ұлттық ғылыми орталығының онкогематология бөлімшесінің меңгерушісі Даир Жұбанышұлы Нұрғалиев қатысты. Кездесуде 4 ел көп жылдық белсенді қызметі үшін Д.Рогачев атындағы БГОИ ҰМЗО-ның Алғыс хатымен марапатталды, олардың қатарында ПБХҒО-да бар.

 

Педиатрия орталығының директоры Риза Боранбаева Қазақстандағы балалар онкологиясы және гематологиясы қызметінің дамуы туралы баяндама жасады. «Бізге Ресейдің және Беларусия орталықтары басшыларының біздің қызметтің қарқынды дамуы туралы білдірген жағымды пікірлері өте жақсы әсер қалдырды. Атап өтейін, Орталық Азия елдерінің ішінде тек Қазақстанда ғана онкологиялық ауруларға шалдыққан балаларды емдеуді мемлекет толық көлемде қамтамасыз етеді және біздің елде трансплантология дамып келеді. Осындай кездесулер біздің қызметтің дамуына жаңа серпін береді және мәселелерді шешудің дұрыс жолдарын табуға мүмкіндік береді. Біздің қызметте тек қана бірлесіп, жұмыла күш салу арқылы қойылған мақсаттарға жетуге болады», деді Р.Боранбаева.