Бүгін Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтің Қазақстан халқына арналған Жолдаудың маңызын түсіндіру мен талқылау мақсатында арнайы жиын болып өтті.

         Жиынға орталықтың басшылығы, әкімшілік құрамы, бөлім меңгерушілері мен дәрігерлер қауымы қатысты.

         Шараны өткізген «Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі Балгереев Марат Ахметжанұлы Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Қазақстан халқына Жолдауына қатысты баяндама жасап, басты басымдықтарға жан-жақты тоқталып өтті. Атап айтқанда, халық табысының өсуіне, тұрмыс сапасын арттыруға, өмір сүруге жайлы орта қалыптастыруға, азаматтар сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат, тиімді сыртқы саясат, әрбір қазақстандықтың еліміздегі өзгерістер үдерісіне атсалысуы туралы тақырыптарға жеке-жеке тоқталып, елімізді дамытуда республиканың әрбір азаматының рөлінің маңыздылығын атап өтті. Жиында ел алдында қойылған негізгі басымдықтар сараланып, Жолдауға қатысты ой-пікірлер ортаға салынды.

         Жиын барысында сөз сөйлеген Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы директорының стратегиялық даму және экономика жөніндегі орынбасары Ж.Б.Сауранбаева Елбасы Жолдауын ұжым болып тыңдағандығын және қызметкерлердің жақсы қабылдап, қолдап жатқандарын атап өтті.

         Өз кезегінде орталық ұжымы Президент Жолдауында берілген тапсырмаларын орындау үшін барлық күш-жігерлерін салатындығын, белгіленген міндеттердің іске асырылуы денсаулық сақтау саласын дамытуға жаңа серпіліс беретіндігін айтып өтті.

        

«Педиатрия және балалар

хирургиясы ғылыми орталығы»

баспасөз қызметі

8 (727) 269 69 52