ТМД мемлекеттері (Еуразиялық аймақ) балалар онкологиясы саласы сарапшыларының екінші кездесуі аясында шара делегаттары 9 қазан күні Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы мен қатерлі дертке шалдыққан балаларды оңалту орталығы - «Алатау» республикалық клиникалық шипажайында болып, екі мекеменің тыныс-тіршілігімен және қызметімен танысты.

         Екі күнге жалғасқан шара барысында Американың Сент Джуд балалар онкологиялық госпитальінің вице-президенті Карлос Родригез-Галиндо Педиатрия орталығының онколог/гематолог мамандары үшін арнайы дәріс оқыды.

«Педиатрия және балалар

хирургиясы ғылыми орталығы»

баспасөз қызметі

8 (727) 269 69 52