«Здоровая Азия» қоғамдық қоры мен еріктілер тобынан құралған суретшілер бір күннің ішінде Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында орналасқан КТ, МРТ бөлмелерінің келбетін өзгертіп, қабырғаларын әсемдеді. Ауыр дертке шалдыққан балалар енді, бұл медициналық аппараттардан қорықпайтын болады және әр бала тексерілуден соң арнайы «Батыр бала» жәшігінен қалаған сыйлығына ие бола алады. Балалар бірінші бөлмеде ғажайып ғарыш кеңістігіне енсе, екінші бөлмеде су асты әлемінде болғандай болады. Ашық та қанық түстермен салынған көркем де әсем суреттер, кез-келген баланың көңілін көтеретініне сенеміз.
{gallery}07-12-2018-2{/gallery}
Жақсылық жасаудан аянбайтын «Здоровая Азия» қоғамдық қоры мен бөлмелерді әсемдеген талантты да шебер ерікті-суретші қыздарға үлкен алғысымызды білдіреміз.
«Педиатрия және балалар
хирургиясы ғылыми орталығы»
баспасөз қызметі