Бүгін Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында «Елдіктің, теңдіктің тірегі – Тәуелсіздік» атты егеменді еліміздің ең ұлық мерекесіне арналған салтанатты шара өтті.

            Шара барысында бірқатар дәрігерлер Қазақстан республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің наградаларымен марапатталды. Атап айтқанда, 40 жылдан бері орталықта қызмет жасап, балалар денсаулығын нығайту саласына зор үлес қосып келе жатқан Клиникалық-диагностикалық бөлімнің кардиоревматолог-дәрігері Райхан Майтбасова ҚР ДСМ «Еңбек ардагері» медалімен, 30 жылдан астам балалар денсаулығын жақсарту жолына аянбай қызмет жасап келе жатқан мамандар: Ерте жастағы балаларға арналған Гематология бөлімінің меңгерушісі Гүлнар Булабаева «Денсаулық сақтау   ісінің үздігі» төсбелгісімен, Функционалды диагностика бөлімінің мейірбикесі Дина Махмудова «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

            Айтулы күні сонымен қатар, ҚР ДСМ Құрмет грамоталарымен Ғылым және дипломнан кейінгі білім беру бөлімінің Бас маманы Айгүл Базарбаева мен Кардиохирургия бөлімінің аға мейірбикесі Гүлмира Суранова, арнайы алғыс хаттармен Клиникалық-диагностикалық зертхана дәрігері Анна Махнева мен КДБ бөлімінің мейірбикесі Қалдыбике Тыныштықбаева марапатталды. Салтанатты күні сондай-ақ Кәсіподақ ұйымы атынан Алғыс хатпен Зина Қырқабақова, Еркебұлан Аралбеков, Назгүл Жайлаубаева марапатталды.

            Ерен еңбектері бағаланып, еңбегі еленген ақ халатты абзал жандарды орталық басшысы Риза Боранбаева марапаттап, баға жетпес өлшеусіз еңбектеріне зор алғысын білдірді.

            Әсем ән мен көркем бимен өрілген шарада еліміздің басынан өткерген қилы-қилы қиын кезеңдері, небір «тар жол, тайғақ кешулерді» бастан өткерген мемлекетіміздің тағдыр жолы, ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы армандап келген Тәуелсіз мемлекетіміздің табыстары мен жетістіктері баяндалатын бейне фильм көрсетіліп, орталықтың тәуелсіздік алған жылдардан бергі жетістіктері атап өтілді. Көзкөрген ардагер дәрігерлер, бар ғұмырын балалар денсаулығына      арнап келе жатқан еліміздің жетекші мамандары Нұрбибі Жахауова, Нұрлан Ахпаров пен Бахрам Жумадуллаев орталықтың өткерген қиын кезеңдері мен бүгіні туралы сыр шертіп, егемендіктің арқасында қол жеткен жетістерді баяндап, жас дәрігерлерге өнегелі сөздерін айтты. Ал, жастар атынан сөз сөйлеген жас маман Рүстем Бишманов жастарды білімді де білікті болуға шақырды.

            Шара шағын концертпен аяқталды.  

                          «Педиатрия және балалар

хирургиясы ғылыми орталығы»

баспасөз қызметі

8 (727) 269 69 52