Атаулы мереке мейірбике ісінің негізін қалаушы, дүние жүзі бойынша тұңғыш қайырымдылық қызметін ашқан ұлыбританиялық Флоренс Найтингейлдің құрметіне белгіленген. 1971 жылы Дүниежүзілік Медбикелер Кеңесінің ұйғарымымен бастау алып, содан бері аталып келеді.
Бүгінгі күні Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында 300-ге жуық орта буын медицина қызметкерлері еңбек етуде.
Дәрігер емінің нәтижелі болуы медбикенің ем-домды уақытылы көрсетіп, өз міндетін жауапкершілікпен атқаруына тікелей байланысты екені анық. Науқастың денсаулығына дәрігерден кем жауап бермейтін – мейірбике екені баршаға аян. Бала саулығы үшін алаңдап, дертке шипа іздеп, ауырған жанның көңіліне кірбің түспеу жолында атқарып жүрген еңбектеріңіздің бағасы өлшеусіз.
Бар мейірімі мен жан жылуын сыйлап, науқас жандардың тез жазылуына ықпал етіп жүрген барша МЕЙІРБИКЕЛЕРДІ Халықаралық мейірбикелер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Ерен еңбектеріңіздің жемісін көріп, ұлт саулығы жолында аянбай етіп етіп, алғысқа бөлене беріңіздер!
«Педиатрия және балалар
хирургиясы ғылыми орталығы»
баспасөз қызметі
#педиатрияорталығы
#мейірбикелеркүні