Бүгін Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында
Отан қорғаушылар күні мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті.
Жиынды орталық басшысы Риза Боранбаева ашып, барша ер-азаматтарды мерекемен құттықтады. Балалар саулығы жолында еңбек сіңірген ардагер дәрігерлердің және қызмет атқарып жатқан орталықтағы барша ер-азаматтардың орасан зор еңбектерін атап өтіп, дендеріне саулық, отбасыларына бақыт, қызметтеріне табыс тіледі.
Шара барысында орталықтың арулары шағын концерттік бағдарлама ұсынып, ән мен биден шашу шашты.
Мерекелік шара аясында бірқатар қызметкерлер кәсіподақ қызметіне сіңірген еңбегі және қоғамдық жұмыстардағы белсенділігі үшін Құрмет грамоталарымен марапатталды.
«Педиатрия және балалар
хирургиясы ғылыми орталығы»
баспасөз қызметі