10-14 маусым күндері Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында сирек аурулар бойынша аймақтық үйлестірушілерге арналған оқыту дәрісі өтті.
ҚР сирек ауруларды емдеу мен диагностикалаудың жаңа стандарттарын енгізудің 2019-2020 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру мақсатында өткен дәріске Қазақстанның әр аймағынан сирек ауруларға шалдыққан балаларға көмек беруді ұйымдастырушы дәрігерлер қатысты.
Дәрісте келесі тақырыптағы материалдар ұсынылды: «Заттек алмасу аурулары (жіктелімі, этиологиясы, патогенезі, дифференциалды диагностикалау және емдеудің негізгі қағидалары)», «Буллезді эпидермолиз (жіктелімі, этиологиясы, патогенезі, дифференциалды диагностикалау және емдеудің негізгі қағидалары), балалардағы буллезді эпидермолиздің әртүрлі түрде негізгі клиникалық білінуі», «Біріншілікті иммунтапшылығы (БИТ) анықталуы, этиопатогенезі, жіктелімі, БИТ-ға шалдыққан науқастарды динамикалық қарау, диспансерлеу қағидалары және қайталама инфекциялық асқынулардың алдын алу», «Муковисцидоз. Этиопатогенезі, жіктелімі, ерте диагностикалау және дифференциалды диагностикалау. Муковисцидоздың әр түрлі түрде негізгі клиникалық білінуі. Муковисцидоз диагнозын анықтау», «Мукополисахаридоз. Этиопатогенезі, жіктелімі, диагностикасы, ерте клиникалық білінуі. Науқастың бағыты және ерте диагностикалау алгоритмі. Патогенетикалық терапия және балалардағы мукополисахаридоз кезінде ферменталмастырғылық терапияның мониторингі», «Гоше ауруы: этиопатогенезі, жіктелімі, диагностикасы, клиникалық білінуі. Науқастың бағыты және ерте диагностикалау алгоритмі. Патогенетикалық терапия және балалардағы Гоше ауруы кезінде ферменталмастырғылық терапияның мониторингі. Гоше ауруына шалдыққан науқастарды динамикалық қарау және диспансерлеу қағидалары».
Дәрістерден өзге «Біріншілікті иммунтапшылығын диагностикалау кезінде ағысты цитометрияны қолдану. Қалыпты және патология жағдайындағы иммундық дәрежесінің нәтижелерін түсіндіру» тақырыбында практикалық сабақ өткізіліп, муковисцидозға, біріншілікті иммунтапшылығына, Гоше ауруына, мукополисахаридозға шалдыққан науқастардың жағдаяттық міндеттерін шеше отырып клиникалық талдау жасалды.
Сонымен қатар, шара барысында Жол картасын іске асыру аясындағы аймақтық үйлестірушілердің 2019-2020 жылдарға арналған жұмыс жоспары айқындалып, олардың алатын рөлі талқыланды.
Дәріс соңында оқыту циклының 18 тыңдаушысына сертификаттар берілді.
Шара ұйымдастырушыларының айтуынша, оқыту модульдерін өткізу сирек кездесетін (орфандық) ауруларға шалдыққан балаларға медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
«Педиатрия және балалар
хирургиясы ғылыми орталығы»
баспасөз қызметі