Пациент пен заңды өкілдің Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында жату ережесі

  1. Бала күтімі бойынша бір заңды өкілді (ата-ананы) жатқызу бекітілген тізбеге сәйкес тексеру нәтижелері болған кезде жүзеге асырылады. Заңды өкілді тек 18 бен 63 жас аралығында ғана жатқызуға рұқсат етіледі. Баланың ата-анасы болып табылмайтын заңды өкілді ауруханаға жатқызу кезінде нотариалды куәландырылған сенімхаттың міндетті түрде болуы қажет.
  1. Заңды өкілдің онкология және гематология бейіні жоқ бөлімшелерде 5 жастан асқан баламен бірге болу қажеттілігін блок басшысы немесе бөлімше меңгерушісі айқындайды.
  1. Науқас баланы заңды өкілдің күтімі тамақтандыруды, киім ауыстыруды, санитарлық-гигиеналық қызмет көрсетуді, медициналық процедураларға сүйемелдеуді қамтиды.
  1. Бала күтімі бойынша ПБХҒО-дағы заңды өкіл медициналық персоналдың ұсынымдары мен талаптарын мүлтіксіз орындауға, бірге болу ережелерін сақтауға тиіс.
  1. Балаларды бақылаусыз қалдыруға, сондай-ақ медициналық персоналдың рұқсатынсыз бөлімшеден шығуға қатаң тыйым салынады.  
  1. ПБХҒО аумағынан тыс жерде балалармен серуендеуге тыйым салынады.
  1. Баланың немесе ата-ананың (емізетін ананың) емдеуші дәрігердің немесе мейірбикенің ескертуінсіз қандай да бір дәрілік заттарды өз бетінше қолдануына қатаң тыйым салынады.
  1. Емдеуші дәрігерге немесе мейірбикеге баланың жағдайындағы қандай да бір өзгерістер, аллергиялық реакциялар, мінез-құлқындағы, көңіл-күйіндегі, тәбетіндегі, ұйқысындағы және т.б. өзгерістер, сондай-ақ баланың жарақаттары және бала мен ата-ананың қатысуымен болған басқа да оқиғалар туралы дереу хабарлау қажет.
  1. Баланың және (немесе) ата-ананың бөлімше режимін бұзу себебінен абайсызда алған жарақаттары үшін жауапкершілік толық көлемде ата-анаға жүктеледі.
  1. Мекеменің палаталары мен дәліздерінде тыныштықты бұзуға жол берілмейді.
  1. Ата-аналарға ауру балаларға арналған төсекке жатуға тыйым салынады.
  1. Палаталарда, дәліздерде және дәретханаларда барынша тазалықты сақтау қажет және дәретханаға шүберек, таңғыш, мақта, жөргек және басқа да гигиеналық заттарды тастауға тыйым салынады (қоқыс класына сәйкес арнайы қоқыс жәшіктері бар).
  1. Науқастардың стационарларда үй киімінде болуына рұқсат етіледі. Мақта мен зығырдан жасалған киімдерді қолдану ұсынылады, ауыстырылатын аяқ киім (тәпішке) былғарыдан, жасанды былғарыдан немесе резеңкеден жасалуы керек (оңай тазалау үшін), анасы басына орамал тағуы керек (хирургиялық бейіндегі бөлімшелерде).
  1. Дезодоранттарды аэрозольдер мен бүріккіштерді (аэрозоль ол жарылғыш және өрт қаупі бар), электр шайнектерге, үтіктерге, шаш кептіргіштерге арналған электр ұзартқыштары мен екітармақты-үштармақты розеткаларды пайдалануға және сақтауға тыйым салынады (осы электр құрылғыларының барлығын бір 220В розеткада пайдалану электр кернеуін арттырады, бұл қысқа тұйықталу мен өртке әкеледі).

Қатаң тыйым салынады:

- телефондардың зарядтау құрылғысын розеткаға қосулы қалдыруға;

- телефонды түнде зарядтауға қалдыруға;

  1. Бөлімшеге жұмсақ ойыншықтарды, сондай-ақ бала жарақат алуы мүмкін ойыншықтарды, арбаларды, үлкен ойыншықтар-автомобильдерді, жүріс арбаларын және т.б. әкелуге тыйым салынады.
  1. Фото және бейне жабдықты пайдалануға, сондай-ақ басқа пациенттер мен диагноздар туралы кез келген ақпаратты жария етуге қатаң тыйым салынады.
  1. Өзіңізбен бірге құнды заттарды (зергерлік бұйымдар, ұялы телефондар, ақша және т.б.) алып келу ұсынылмайды. ПБХҒО пациенттердің қараусыз қалдырған жеке заттарының сақталуына жауапты болмайды.
  1. Сәлем-сауқаттарды қабылдау пациенттің тегі, аты, бөлімшесі, палатаның нөмірі көрсетілген полиэтилен пакеттерде жүзеге асырылады.
  1. Өнімдерді палаталарда сақтауға қатаң тыйым салынады.
  1. Тыйым салынған өнімдер қайтарылуға немесе жойылуға жатады.
  1. Шылым шегуге, алкогольдік ішімдіктерді, психоактивті және есірткі заттарын ПБХҒО-ның аумағында және ғимаратында қабылдауға қатаң тыйым салынады.
  1. Мекемеде жабдықтар мен мүкәммалды ұқыпты ұстау қажет; пациенттердің кінәсінен болған мекемедегі жиһаздың, жабдықтың, мүкәммалдың және өзге де мүліктің бүлінуі үшін соңғылары материалдық жауапкершілікте болады.

Құрметті ата-аналар!

 

Сіздерден ПБХҒО-да болудың жоғарыда көрсетілген ережелерін сақтауларыңызды сұраймыз. Жоғарыда аталған режимдерді, ережелер мен талаптарды сақтамау Сіздің балаңыздың, сондай-ақ басқа балалардың өмірі мен денсаулығына қауіпті жағдайлар туғызуы мүмкін.