ПБХҒО-ның ішкі тәртіп ережелері:
- «ПБХҒО» АҚ-ға емдеуге жатқызу «Емдеуге жатқызу бюросы» ақпараттық жүйесіне сәйкес жоспарлы түрде жүзеге асырылады. Ауруханаға жатқызу үшін қолында «ПБХҒО» АҚ Басқарма төрағасының 2022 жылғы 6 қыркүйектегі № 167-0 «ПБХҒО стационарына жатқызу үшін қажетті құжаттар тізбесі» бұйрығымен бекітілген құжаттар мен талдаулар пакеті болуы қажет.
- «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі №360-VI-ҚРЗ кодексіне сәйкес ПБХҒО-да 5 жасқа дейінгі балалар заңды өкілімен ауруханаға жатқызылады, ата-аналардың бірінің баласымен бірге болу қажеттілігін бөлімше басшысы немесе меңгерушісі айқындайды. Балалар онкологиясы және гематологиясы бөлімшесіне балалар пациенттердің жас санатына қарамастан заңды өкілдерінің бірімен ауруханаға жатқызылады.
- Күн сайын сағат 13.00-ден 16.00-ге дейін орталық кіреберістен (қақпа жанында) сәлем-сауқаттар қабылданады. Шұжық өнімдерін, ысталған еттерді, үйде дайындалған шикі өнімдерді, консервіленген өнімдерді (балалар тағамынан басқа), үйде дайындалған және үйде дайындалмаған көп компонентті салаттарды, томат пастасын (кетчуп), жидектерді, кремі бар кондитерлік өнімдерді (торттар, тәтті нан), газдалған сусындарды беруге тыйым салынады.
- Тынығу сағаты 14.00-ден 16.00-ге дейін.
- Науқасты ПБХҒО аумағынан тыс жерге шығаруға қатаң тыйым салынады.
- Амбулаториялық пациенттерді қабылдау ПБХҒО-ның диагностикалық кеңес беру бөлімшесінде жүзеге асырылады.
- Әкімшілік пен бөлімше қызметкерлері пациенттер мен ата-аналардың жоғалған заттары, ақшалары, зергерлік бұйымдары мен ұялы телефондары үшін жауап бермейді.
Орталыққа емдеуге жатқызу кезіндегі пациент бағытының сызбасы
(стандартты жағдайларда)
медициналық құжаттарды толтыру, антропометрия, дене температурасын өлшеу
баланы тексеру, қажет болған жағдайда медициналық көмек көрсету, ауру тарихын толтыру
бейінді бөлімшеге ертіп апару