Сектор 1987 жылы дербес бөлімше ретінде ашылған. Бөлім базасында эндоскопиялық зерттеулер мен аз инвазивті жарықішілік араласулардың барлық кешені жүргізіледі.
Бөлімше балаларға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоспарлы медициналық көмек көрсетеді, сондай-ақ ақылы негізде тексеру жүргізеді.
Бөлімше заманауи эндоскопиялық жабдықтармен жабдықталған (Olympus, Karl Storz бейнеоэндоскопиялық жүйелері).
Бөлімде диагностикалық зерттеулердің келесі түрлері жүргізіледі:
- Эзофагоскопия (өңешті тексеру);
- Гастроскопия (асқазанды тексеру);
- Дуоденоскопия (он екі елі ішекті қарау);
- Эндоскопия (ащы ішекті тексеру);
- Терминалды илеоскопия арқылы колоноскопия (бүкіл тоқ ішекті және аш ішектің соңғы бөлігін қарау);
- Ларингоскопия (көмейді тексеру);
- Трахеобронхоскопия (кеңірдектер мен бронхтарды қарау).
Қуысішілік терапиялық емшаралар:
- ас қорыту жолдары мен тыныс алу жолдарынан бөгде денелерді алып тастау;
- өңешті емдік-калибрлі сүмбілеу (өңештің күйіктен кейінгі тыртық өзгерістері кезінде, өңештің отадан кейінгі стенозы);
- тыныс алу жолдарының патологиясы кезіндегі санациялық (емдік) бронхоскопиялар;
- гистологиялық зерттеу арқылы полиптерді алып тастау және түзілімдердің биопсиясы;
- асқазан-ішек жолынан қан кету кезіндегі эндоскопиялық гемостаз;
- энтеральды тамақтану үшін ішек зондтарын жүргізу.
Қазіргі уақытта секторда Алматы қаласындағы «ҚДСЖМ» Қазақстандық медициналық университетінде біліктілікті арттыру курсынан өткен 2 дәрігер-эндоскопист жоспарлы зерттеулерді орындай отырып қабылдау жүргізуде.
Шиланбаев Нышанбек Ратбекұлы– дәрігер-эндоскопист Жалпы дәрігерлік өтілі және ПБХҒО-да жұмыс өтілі: 2018 жылдан бастап. 2012 жылы С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін «Жалпы медицина» мамандығы бойынша бітірді. 2012-2014 жылдар аралығында С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде «Хирургия» мамандығы бойынша интернатурада оқыды. 2014-2018 жылдар аралығында Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында «Балалар хирургиясы» мамандығы бойынша резидентурада білім алды. 2018 жылы – «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетінде «Эндоскопияның өзекті мәселелері» циклы бойынша біліктілігін арттырды. «Балалардағы өңеш пластикасы» баяндамасымен Қазақстанның балалар хирургтарының бірінші съезіне қатысты. 2021 жылы Балалар эндоскопиясы бойынша тағылымдамадан өтті. Беларусь Республикасы, Минск қ.
|
|
Курбанова Магда Ражаббайқызы – врач-эндоскопист Жалпы дәрігерлік өтілі және ПБХҒО-да жұмыс өтілі: 2021 жылдан бастап. 2013 жылы Қазақстан-Ресей медициналық университетін «Жалпы медицина» мамандығы бойынша бітірген. 2013 жылдан бастап 2015 жылға дейін Қазақстан-Ресей медициналық университетінің Жалпы хирургия мамандығы бойынша интернатурада білім алды. 2015 - 2017 жылдар аралығында Тараз қаласында «Almaz Medical Group» ЖШС-де хирург-дәрігер болып жұмыс істеді. 2017-2020 жылға дейін Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында «Балалар хирургиясы» мамандығы бойынша резидентурада оқыды. 2021 жылы «ҚДСЖМ» Қазақстан медицина университетінде «Эндоскопияның өзекті мәселелері» циклі бойынша біліктілігін арттырды. 2021 жылы Республикалық балалар хирургиясы ғылыми-практикалық орталығында тағылымдамадан өтті. Беларусь Республикасы, Минск қ.
|
|
Бахниязова Рошангуль – Эндоскопия секторының анестезисткасы Білімі: Орта-медициналық, Республикалық медициналық колледжі. Мамандығы: балалар мейірбикесі. Жұмыс тәжірибесі: 1988 – 2015 жылдар аралығында эндоскопия секторының мейірбикесі. 2015 жылдан бастап эндоскопия секторының анестезисткасы лауазымына ауыстырылды.
|
|
Шамуратова Мадина Абдуллақызы- эндоскопия секторының мейірбикесі.
Білімі: 2018 жылы «Жалпы медбике» мамандығы бойынша Орталық Азия медициналық колледжін бітірді. Жұмыс тәжірибесі: 2018ж – 2022ж. №12 қалалық емхана оториноларинголог мейірбикесі. 11.07.2022ж. «ПБХҒО» АҚ Эндоскопия бөлімінің мейірбикесі.
|