Құрметті ата-аналар!

Карантиндік шараларға байланысты медициналық қызмет көрсетуде бірқатар ережелер қойылғандығын ескертеміз. Сіздерден талаптарды сақтауға және түсіністікпен қарауға шақырамыз.

  1. Науқастарға кеңес беру қатаң түрде алдын-ала жазылу бойынша, мамандардың қабылдау кестесіне сәйкес жүргізіледі. Сондықтан кешікпеулеріңізді және белгіленген уақытқа ертерек келулеріңізді сұраймыз.
  2. Консультациялар мен зертханалық тексерулерге жазылу келесі телефондар арқылы жүзеге асырылады:
    ☎️8 (727) 299 26 87;
    ☎️8 (727) 221 85 40.
  3. Осы байланыс телефондары арқылы медициналық қызметтердің бағасын, дәрігерлердің қабылдау кестесі мен уақытын, зертханалық зерттеулер мен амбулаторлық қабылдау ережелері туралы ақпараттарды ала аласыздар.
  4. Тыныс алу жолдарының инфекциясы (қызуы, жөтел, тамақ ауырсынуы, мұрынның бітелуі), диарея және бөртпелері бар балаларды диагностикалық кеңес беру бөлімі қабылдамайды. Аталған белгілермен тұрғылықты жердегі емханаға қаралуларыңызды немесе жедел жәрдем көмегіне жүгінуге шақырамыз.
  5. Егер пациент белгіленген уақытта кешігіп қалса, емхана басқа пациенттердің құқықтарын сақтау үшін консультация (қабылдау) жүргізуден бас тартуға құқылы, бұдан әрі басқа күні жазылуға болады.
  6. Диагностикалық кеңес беру бөліміне бала міндетті түрде ата-анасының біреуімен (баланың басқа өкілдері/туған-туысы) келу рұқсат етіледі.
  7. Педиатрия орталығына кіру үшін міндетті түрде медициналық маска тағу қажет. Әр келушінің дене қызуы тексеріліп, термометриядан өткізіледі. Қолды антисептикпен тазалау талап етіледі.
  8. Зерттеуге арналған талдаулар (зәр, нәжіс) күн сайын сағат 08.00-ден - 12.00-ге дейін ПБХҒО шыға беріс қақпасында курьермен қабылданады. Зерттеу нәтижелері келесі күні сол жерде беріледі.
  9. Денсаулық сақтау ұйымдарында аудио, фото және видео түсіруге тыйым салынады (22.05.2020ж. № 37 БМСД бұйрығына сәйкес).