Құрметті әріптестер!
«Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ және Қазақстанның «Педиатрлар Одағы» ҚБ 2022 жылғы 22 сәуірде елімізге белгілі балалар хирургі, медицина ғылымдарының докторы Ахпаров Нұрлан Нұркинұлын еске алу құрметіне арналған «Жас зерттеуші: заманауи педиатрия және балалар хирургиясы дамуының сын-тегеуріні мен келешегі» атты жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтетінін хабарлайды.
Конференцияны ұйымдастырушылар:
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі
ҚР ДСМ «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ
Қазақстанның «Педиатрлар Одағы» ҚБ.
Конференцияның мақсаты: Жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін арттыру, педиатрия және балалар хирургиясы саласындағы өзекті мәселелерді көтеру, дамуы мен келешегін саралау, педиатрия және балалар хирургиясы саласындағы инновациялар бойынша жас ғалымдар арасында тығыз халықаралық қарым-қатынасты орнату, жас мамандарды ғылыммен айналысуға шақыру.
Конференция жұмысы келесі бағыттар бойынша өтеді:
-
Педиатрия және балалар хирургиясы дамуының ғылыми және практикалық аспектілері, балалардың денсаулығын қорғау қызметіне инновациялық технологияларды енгізу;
-
Перинаталдық патологиялардың алдын алу, диагностикалау және емдеу бойынша жаңа тиімді технологияларды дамыту және енгізу;
-
Балалар хирургиясының өзекті мәселелері. Балалардағы туа біткен ақауларды диагностикалау және хирургиялық емдеу мәселелері;
-
Балалардағы онкологиялық және гематологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің заманауи технологиялары;
-
Сирек кездесетін аурулар. Ерте диагностика, емдеу, оңалту, асқынулардың алдын алу және тіркеу мәселелері.
-
Педиатрия және балалар хирургиясындағы медициналық көмектің жоғары технологиялық түрлері.
Конференция гибридті режимде өтеді (off-line алаң, іс-шаралардың online платформасы). Қатысу нысаны күндізгі (баяндама, постерлік баяндама), сырттай (мақалаларды жариялау). Конференция тілі – қазақ, орыс, ағылшын. Конференция материалдары арнайы жинақта жарияланады.
Демеушілерге қойылатын талаптар:
-
Қатысу үшін төлем 500 000 теңге
-
интернет баннерді сайтқа конференция бетінде орналастыру, динамикалық, сайтқа немесе қатысушы туралы ақпарат бетіне гиперсілтемемен (компания ұсынады)
-
конференцияның басты баннерінде логотипті орналастыру
-
қатысушы сайтына гиперсілтемесі бар конференция бетінде логотипті орналастыру
-
бағдарламада логотипті орналастыру.
Конференцияға қатысу бойынша толық ақпаратты төмендегі телефон нөмірлері арқылы алуға болады: 8 (7272) 99 13 92 / Ғылым бөлімі, ғылыми хатшы - Шахметова Кульбаршын Сеильбековна (+77772243106), әдіскер Рыскелдиева Гульнур Советхановна (+77078515854), e-mail: naukapediatria.kz@mail.ru.