There is no translation available.

 

Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына резидентураға қалай түсуге болады?

3 - 25 шілде күндері аралығында «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ резидентурасына «Педиатрия», «Балалар хирургиясы», «Балалар онкологиясы және гематологиясы» мамандықтары бойынша құжаттарды қабылдау мерзімі басталады. 

«ПБХҒО» АҚ резидентурасына түсу үшін қажетті құжаттар тізімі:

  1. «ПБХҒО» АҚ Басқарма төрағасының атына өтініш;
  2. Жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа);
  3. «Денсаулық сақтау бакалавры» дипломы мен қосымшасы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде (түпнұсқалары мен көшірмелері);
  4. Тағылымдамадан өткені туралы анықтаманың түпнұсқасы мен көшірмесі;
  5. Дәрігер біліктілігі туралы диплом және дипломға қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі қосымшасы (түпнұсқалары мен көшірмелері);
  6. Тәжірибедегі қорытынды аттестаттаудың 1-кезеңінің нәтижесі (Ұлттық тәуелсіз емтихан қабылдау орталығы (ҰЕҰО) өткізген тестілеу), деканның қолымен және білім беру ұйымының мөрімен куәландырылған;
  7. 075 медициналық анықтама;
  8. Медицина қызметкері куәлігінің көшірмесі (бар болса);
  9. Бұрынғы жұмыс орнының кадр қызметі куәландырған еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса);
  10. Ғылыми жарияланымдардың болуын растайтын құжаттар (бар болса).
  11. Өлшемі 3х4 см 6 фотосурет, конверті бар папка (фотосуреттер үшін).

Біздің мекен-жайымыз: Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 146.

Анықтама үшін байланыс телефондары: 8 778 216 4667, 8 701 765 0707

#резидентура
#педиатрияорталығы
#педиатрия
#балалархирургиясы
#онкогематология