3 жасқа дейінгі ЭКО арқылы және табиғи жолмен дүниеге келген балаларға тегін тексеру жүргізіледі.
Құрметті ата-аналар! Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы қазіргі уақытта КРТ қолдану нәтижесінде туылған балалардың денсаулық жағдайын зерттеуде.
Осы зерттеу шеңберінде ЭКҰ көмегімен, сондай-ақ табиғи жолмен туылған 3 жасқа дейінгі балаларды мынадай атаулар бойынша тегін тексеру мүмкіндігі ұсынылады:
- педиатрдың кеңесі;
- баланың жалпы қан анализін зерттеу;
- балалардың эндокриндік жағдайын зерттеу (ТТГ, свТ4, свТ3, инсулин, ИФР-1, СТГ деңгейін; глюкоза, калий, натрий);
- балалардағы иммунологиялық параметрлерді зерттеу (CD3, CD4, CD8, CD16, CD20, CD25, CD95, CD3 HLA DR+, CD HLA-DR – жасушалық тобын; IgM, IgA, IgG – гуморальдық тобын) ;
- психологтың кеңесі мен сауалнама және сұхбат арқылы аналардың психологиялық жағдайын бағалау.
Сіз және Сіздің балаңыздың қатысуы әр түрлі топтағы балаларды тексеру мерзімдері, түрлері бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар жасауға, сондай-ақ анамнезі ауыр аналарға психологиялық қолдау көрсету әдістерін әзірлеуге көмектеседі.
Біздің жобамызға қатысқаныңыз үшін ризашылығымызды білдіреміз, сондай-ақ зерттеу барысында алынған барлық ақпарат қатаң түрде құпия болатынын, жария етуге жатпайтынын хабарлаймыз.
Барлық сұрақтар және жоба бойынша төмендегі телефон нөміріне хабарласып біле аласыздар: 8 778 216 4667 Османова Мукарям Тұрғанжанқызы.