Жас дәрігерлер назарына! Құрметті үміткер! Мемлекеттік білім беру грантының иегері атанып, тегін білім алғың келсе бізге кел!

Отандық педиатрияның флагманы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы мемлекеттік грант негізінде резидентураға қабылдау бастағанын хабарлайды. 

3 - 25 шілде күндері аралығында «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ резидентурасына:

- «Педиатрия»,

- «Балалар хирургиясы»,

- «Балалар онкологиясы және гематологиясы»

мамандықтары бойынша құжаттар қабылданады. 3 шілде күні резидентураға құжат қабылдау басталды!

Қабылдау емтихандары – 8-16 тамыз аралығында;

Оқуға қабылдау  – 2024 жылдың 28 тамызына дейін.

«ПБХҒО» АҚ резидентурасына түсу үшін қажетті құжаттар тізімі:

1. «ПБХҒО» АҚ Басқарма төрайымының атына белгіленген үлгідегі нысан бойынша өтініш;

2. Жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа);

3. «Денсаулық сақтау бакалавры» дипломы мен қосымшасы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде (түпнұсқалары мен көшірмелері);

4. Тағылымдамадан өткені туралы анықтаманың түпнұсқасы мен көшірмесі;

5. Дәрігер біліктілігі туралы диплом және дипломға қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі қосымшасы (түпнұсқалары мен көшірмелері); 

6. Тәжірибедегі қорытынды аттестаттаудың 1-кезеңінің нәтижесі (Ұлттық тәуелсіз емтихандар орталығы (ҰЕҰО) өткізген тестілеу), деканның қолымен және білім беру ұйымының мөрімен куәландырылған (бар болса);

7. 075 медициналық анықтама;

8. Медицина қызметкері куәлігінің көшірмесі (бар болса);

9. Бұрынғы жұмыс орнының кадр қызметі куәландырған еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса);

10. Ғылыми жарияланымдардың болуын растайтын құжаттар (бар болса).

11. Өлшемі 3х4 см алты фотосурет, конверті бар байланыстырғыш (фотосуреттер үшін).

Біздің мекен жайымыз: Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 146.

Анықтама үшін байланыс телефондары: 7 (727) 299 13 92, 8 778 216 46 67, 8 701 765 0707, 8 705 992 5252