2018 жылдың 2 наурыз күні Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында «Педиатрия және балалар хирургиясының бүгінгі өзекті мәселелері» атты тақырыпта резиденттер, докторанттар мен магистранттарға арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.
Жас педиатр дәрігерлердің басын қосатын шара ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы, «Педиатрлар Одағы» қоғамдық бірлестігі мен С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың балалар аурулары кафедрасының ұйымдастыруымен өткізіледі.
Педиатрия саласы бойынша білім алып, енді ғана медициналық мекемелерде еңбек жолын бастап жүрген жас дәрігерлер конференцияда балалардағы ауруларды емдеу мен диагностикалаудың заманауи әдістері, балаларға медициналық көмек беруді ұйымдастырудың аспектілері, сирек ауруларды емдеуді жетілдіру, түрлі хирургиялық және соматикалық патологиялары бар балаларды оңалту, психологиялық және медициналық-әлеуметтік бейімдеу және т.б. осы сынды нәрестелер мен бүлдіршіндерді емдеу мен педиатрия саласына қатысты өзекті мәселелерді талқылап, арнайы баяндамалар жасайтын болады.
Ғылыми конференцияға ұсынылған баяндамалар үш аталым бойынша анықталып, марапатталады:
- «Үздік баяндама»;
- «Үздік мақала»;
- «Үздік постерлік баяндама».
Үздік баяндамалар мен ғылыми мақалалар «Педиатрия және бала хирургиясы» ғылыми журналында жарияланатын болады.
Өтетін күні: 2 наурыз, 2018 жыл;
Басталуы уақыты: 10.00-де (тіркеу 9.30-да);
Өтетін орны: Алматы қ-сы, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы, әл-Фараби көшесі 146, Үлкен мәжіліс залы, №1 ғимарат (Әкімшілік).
«Педиатрия және балалар
хирургиясы ғылыми орталығы»
баспасөз қызметі
8(727) 269 69 52
/ 8707 815 18 33 Нәзира Елеухан