Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының пульмонология бөлімі күрделі жөндеуден кейін қайта ашылды.
Бөлім ағымдағы жылдың наурыз айында күрделі жөндеуге жабылған еді. Қазіргі уақытта кезекті тұрған балалар жоспарлы түрде түсіп, қажетті ем-шараларын алуда.
Республикалық орталықтың пульмонология бөлімі 1962 жылдан бастап жұмыс істейді. Бұл бөлімде өкпенің обструкциялы созылмалы сырқаттары, өкпе мен бронхтың туа біткен ақаулары, асқынған инфекциялық-қабыну үдерісі бар, өкпенің генетикалық анықталған сырқаттары бар, пневмонияның, астманың ауыр түрлеріне, өкпе мен бронхтың түрлі ауруларына шалдыққан науқас балалар емделеді.
Жаңа келбеттегі бөлімге емделуші балалар мен олардың ата-аналары дән риза.
Бөлімді түрлі-түсті суреттермен әрлеген алматылық суретші-декоратор Әлия Сарбалина бастаған ерікті суретшілер тобы. Барша суретшілер тобы мен суретшілерге сапалы бояуларды қамтамасыз еткен «Help Today» ұйымына, оның жетекшісі Эльмира Алиеваға үлкен алғысымызды білдіреміз.
Айта кетейік, бұл сапалы акрилді бояулар 5 жыл ішінде формальдегидтерді сіңіріп, ауаны тазалап тұрады. Шетелде мұны ауруханаларды, балалар асханасын, балалар жүрген жерлерді бояуға қолданады.
Бөлімге әрлеу және сырлау жұмыстарымен қатар, құрал-жабдықтар да жаңадан алынды.
«Педиатрия және балалар
хирургиясы ғылыми орталығы»
баспасөз қызметі