{gallery}11-10-2019{/gallery}
Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында 2019 жылғы 7-11 қазан күндері аралығында Австриядан келген шетелдік мамандар: Вена қаласындағы Флоридсдорф ауруханасының балалар жасындағы гистиоцитоздарды зерттеу жөніндегі халықаралық орталығының жетекшісі, неонатология, педиатрия және жасөспірімдер медицинасы клиникасының меңгерушісі, Венаның жеке университетінің мамандандырылған педиатрия кафедрасының меңгерушісі Зигмунд Фрейд және Вена медициналық университетінің профессоры, Грац қаласындағы Карл Франценс медициналық университетінің педиатрия университеттік клиникасының емханалық гематология, онкология және иммунология бөлімшесінің меңгерушісі, профессор Маркус Сейделдің қатысуымен шеберлік сыныбы өтті.
Шеберлік-сыныптың негізгі тақырыбы: «Балалардағы гистиоцитоздар мен бастапқы иммун тапшылығы жағдайларын диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістері».
Гистиоцитоз сирек ауруларға жатады, ал гистиоцитоздардың клиникалық көріністері өте әртүрлі, бұл осы диагнозды қоюда басты қиындық тудырады. Баланың ағзалары мен жүйелерінде патологиялық ошақтардың орналасуы вариабельді: қаңқаның, терінің, гипофиздің артқы бөлігінің, лимфа түйіндерінің, бауырдың, көкбауырдың, сүйек кемігінің, өкпенің және орталық жүйке жүйесінің зақымдануы кең таралған. Гистиоцитоздың табиғаты даулы, бірақ патогенез буындарының бірі иммундық жүйенің қызметінің бұзылуы болып табылатыны белгілі, әдетте тұқым қуалайтын этиология емес.
Қазіргі уақытта балалардағы бастапқы иммунтапшылығы жағдайының жүзден астам түрі және бастапқы иммунтапшылығы жағдайына әкелетін 200-ден астам генетикалық ақау сипатталған, сонымен бірге бастапқы иммунтапшылығы жағдайларының ерте диагностикасы және осы аурулардың көпшілігінде науқастардың тұрақты жалпы жай-күйіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Гематологтарды, онкологтарды, жалпы тәжірибе дәрігерлерін және емдеу-алдын алу мекемелерінің әртүрлі буындарының педиатрларын оқыту гистиоцитоз және бастапқы иммундық тапшылық ретінде сирек ауруларды диагностикалауды қамтамасыз ету мақсатында қажеттілік болып табылады.
Шеберлік сыныбына Қазақстан Республикасының түрлі аймақтарынан келген мамандар қатысты, олардың арасында балалар онкологтары мен гематологтары, жалпы тәжірибе дәрігерлері мен педиатрлар бар.
Шеберлік сыныбы аясында шетел мамандары әртүрлі гематологиялық, онкологиялық, иммунологиялық және тұқым қуалайтын аурулармен ауыратын 15 науқасты қарап, өз кеңестерін берді.
«Педиатрия және балалар
хирургиясы ғылыми орталығы»
баспасөз қызметі