Карантин жарияланғаннан бері біздің Педиатрия орталығы жоспарлы қабылдауды шектеуге қарамастан өз жұмысын тоқтатпай, қызметін жалғастырды.

Бүгінгі таңда бізде онкологиялық дертке шалдыққан және туа біткен ақауы бар 200-ге жуық бала ем алып жатыр. Біз онкологиялық және гематологиялық ауру жаңа анықталған  науқас балаларды карантинге қарамастан ауруханаға жатқызудамыз, сонымен бірге басталған химиотерапия курсын үзбеуге тырысамыз. Өкінішке орай, балалардағы қатерлі ісік пандемиядан арылуды күтпейді, оның өз заңдары бар және ол дерт COVID-19-дан гөрі қатал. 

Біз күрделі хирургиялық түрлі күрделі операцияларды тоқтатқан жоқпыз. Операциялық көмекке зәру балалар бар, сондықтан біз қатардамыз және балалар өмірі үшін күресті жалғастырудамыз.

Мен осы қиын қыстау кезеңде жанқиярлықпен жұмыс істегені үшін өз ұжымыма алғысымды білдіргім келеді. 

Әсіресе, осынау қиын күндері Алматы облысындағы үйлерін, отбасыларын, балаларын тастап, бір айдан астам уақыт бойы студенттік жатақханада тұрып жатқан 100-ден астам қызметкерге үлкен алғысымды айтамын!

Сонымен қатар шектеулі карантиндік жағдайда қатерлі дертпен күресіп жатқан кішкентай пациенттерімізге және олардың ата-аналарына түсіністік танытқандары үшін алғысымды айтып, зор денсаулық пен  шыдамдылық тілегім келеді. Олар бізді, медицина қызметкерлерін түсінеді және қолдайды.

Әрине, ұзақ уақыт бойы  жақындарын көрмеу, ұзақ уақыт жабық кеңістікте болу, әдеттегі өмір салтын жоғалту қаншалықты қиын екенін білеміз, түсінеміз. Бірақ біз бір кісідей оптимист боламыз, вирус жақында әлсірейді деп сенеміз.

Бұл қиын күндері бізге біздің еріктілеріміз, қоғамдық ұйымдар қолдауларын білдіріп, көмектесуде. Жақсы жандарға да үлкен алғысымды білдіремін! Мен олар туралы бұрын өз фейсбуктегі парақшамда жазған едім.  

Мен әсіресе, С.Асфендиярова атындағы ҚазҰМУ ректоры Т.С.Нұрғожинға біздің қызметкерлерге тегін жатақхана ұсынғаны үшін көп алғысымды білдіремін! Сонымен бірге «Алатау» республикалық балалар шипажайының директоры Қ.Мұсаеваға біздің пациенттерге химиотерапиялық блоктардың арасында демалыс алып, денсаулықтарын нығайтуға жағдай жасағаны үшін алғысымды білдіремін! Өйткені, карантинге байланысты пациенттеріміз көпшілігі үйлеріне бара алмады.

Біз емханада емделіп жатқан балалардың денсаулығы үшін және әр медицина қызметкері үшін үлкен жауапкершілік алатынымызды жақсы түсінеміз.  Сондықтан, емханаға жатқызу кезінде COVID-19 анықтамасы теріс анализ болған жағдайда ғана қабылдаудамыз. Пациенттің денсаулығына байланысты зерттеу нәтижелерін күту мүмкін болмаған жағдайлар үшін арнайы  провизорлық бөлім аштық.

Барлығыңызға мықты денсаулық, қиын кезеңде тек бірлік, түсіністік, ауызбіршілік, сәттілік тілеймін! Балаларымыздың қуаныштары көп болсын! Аты жаман ауру- тәж тажалды тез жеңейік!

Құрметпен, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми

орталығының Басқарма төрайымы Риза Боранбаева