«Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ-ы 2021 жылғы 21-23 сәуірде онлайн-режимде Қазақстанның балалар дәрігерлерінің «ПЕДИАТРИЯ ЖӘНЕ БАЛАЛАР ХИРУРГИЯСЫНЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ДАМУ БОЛАШАҒЫ» атты IX съезін өткізеді.
Съезд аясында 2021 жылдың 23 сәуірінде Жас ғалымдар мектебі докторанттарға, магистранттарға және резиденттерге арналған «Жас зерттеуші: қазіргі педиатрия мен балалар хирургиясының сын-тегеуріндері мен даму болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.
Съезде талқыланатын негізгі тақырыптар:
- Қазіргі педиатрияның өзекті мәселелері: патофизиология негіздері, бала жасындағы түрлі ауруларды емдеу принциптері мен перспективалары. Созылмалы және басқа да әлеуметтік маңызы бар аурулары бар балаларға жеке көмек;
- Қазақстан Республикасында сирек кездесетін аурулары бар балаларға медициналық көмекті ұйымдастыру. Сирек кездесетін аурулары бар балаларды тексеруге және емдеуге мультидисциплинарлық тәсіл;
- Балалар хирургиясының даму болашағы, балалар хирургиясының түрлі бағыттарына инновациялық технологияларды енгізу;
- COVID-19 пандемиясы кезеңінде балаларға медициналық көмек көрсету. COVID-19-бен астасқан мультижүйелік қабыну синдромы;
- Созылмалы аурулары бар және COVID-19-дан кейінгі балаларды динамикалық бақылау. Балаларға алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудегі балалар дәрігерінің рөлі. ДДҰ-ы бағдарламаларын енгізу және катамнез кабинеттерін дамыту;
- Әр түрлі аурулары бар балаларға оңалту көмегін дамыту перспективалары;
- Педиатрияның түрлі салаларында ғылым мен білім беруді дамыту.
Съезд парақшасы: https://congresspediatria.online/
Өткізу уақыты: 21-23 сәуір, сағат 14.00-ден 19.00-ге дейін.
Қатысушыларды тіркеу съезд парақшасында 2021 жылғы 20 наурыздан бастап 20 сәуірге дейін жүргізіледі: https://congresspediatria.online/
Конференцияны өткізу тілі – қазақ, орыс, ағылшын.
Съезге қатысу формасы:
- Қатысу + жариялау.
- Қатысу + жариялау + баяндама.
- Қатысу + баяндама.
- Тыңдаушы ретінде қатысу.
Өтінім берген кезде тіркеу парағында қатысу формасын қосымша белгілеу қажет. Барлық өтініштерді ұйымдастыру комитеті қарайды. Тіркеу парағын орталықтың http://www.pediatria.kz сайтындағы «ҒЫЛЫМ» - «Ғылыми конференциялар мен іс-шаралар» бөлімінен немесе төмендегі сілтемелерден жүктеп ала аласыздар.
СІЛТЕМЕЛЕР:
- Съезд бойынша ақпаратттық хат: https://pediatria.kz/images/23-02-2021/%D0%98%D0%BD%D1%84_%D0%BF%D0%B8%D1%81%D1%8C%D0%BC%D0%BE_%D0%BF%D0%BE_%D1%81%D1%8A%D0%B5%D0%B7%D0%B4%D1%83_%D0%BA%D0%BE%D1%80%D0%BE%D1%82%D0%BA_%D0%BF%D0%BE%D1%81%D0%BB_page-0001.pdf
- Қатысушыларды тіркеу формасы/Регистрационная форма участника: https://pediatria.kz/images/23-02-2021/%D0%A0%D0%B5%D0%B3%D0%B8%D1%81%D1%82%D1%80%D0%B0%D1%86%D0%B8%D0%BE%D0%BD%D0%BD%D0%B0%D1%8F_%D1%84%D0%BE%D1%80%D0%BC%D0%B0_.pdf
«Жас ғалымдар мектебі» конференциясында (2021 жылғы 23 сәуір) секцияда сөз сөйлеген барлық авторлар естелік сертификаттармен, ал 1-3 орын алған конференция жеңімпаздары арнайы дипломдармен марапатталады.
Тезистерге, баяндамалардың тақырыптарын жариялау үшін өтінімдерді 2021 жылғы 5 наурызға дейін төмендегі электрондық мекенжайға жолдау қажет: nauka.conf@mail.ru
Конференцияға қатысу бойынша толық ақпараттарды төмендегі байланыс тел.нөмірлері арқылы ала аласыздар:
+7 (727) 299 13 92.
Анықтама үшін байланыс: ғылыми хатшы – Шахметова Күлбаршын Сейілбекқызы +7 (708) 109 9101
Әдіскер: Рыскелдиева Гүлнұр Советханқызы +7 (707) 851 5854.