Бүгін, 26 шілде күні Педиатрия орталығында резидентураны бітірген мамандарға сертификаттарды табыстау рәсімі өтті. Биыл орталықтың білікті мамандарының тәлімгерлік етуімен 2 мамандық бойынша 10 резидент бітіріп шықты. 3-еуі «Педиатрия» мамандығы, 7 маман «Балалар хирургиясы» мамандығы бойынша резидентураны бітірді.
Жиында орталық басшысы Риза Боранбаева ақжарма тілегін білдіріп, жас мамандарға ақ жол тіледі.
ПБХҒО С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың бірнеше клиникалық кафедраларының, дипломнан кейінгі дайындық және дәрігерлердің біліктілігін арттыру курстарының клиникалық және оқыту базасы болып табылады. ПБХҒО базасында «Педиатрия», «Неонатология», «Балалар хирургиясы», «Балалар онкологиясы және гематологиясы», «Пульмонология, соның ішінде балалар пульмонологиясы» мамандықтары бойынша резиденттер дайындалады.
ПБХҒО қызметкерлерімен тұрақты негізде біліктілікті арттыру циклдері, семинарлар мен шеберлік сыныптары өткізіледі, онкологиялық және гематологиялық ауруларды ерте диагностикалау, балалар пульмонологиясы, неонатология және жаңа туған нәрестелердің қарқынды терапиясы, балалар кардиологиясы, балалар ревматологиясы, асқазан-ішек жолдары аурулары, кардиохирургия, сәулелік диагностиканың таңдамалы мәселелері бойынша республиканың барлық өңірлеріне барып алғашқы медициналық-санитариялық көмек дәрігерлерін оқыту жүргізіледі.
Мекемеде «Педиатрия», «Балалар хирургиясы», «Балалар кардиологиясы», «Балалар ревматологиясы», «Балалар гематологиясы мен онкологиясы», «Балалар пульмонологиясы», «Балалар кардиохирургиясы», «Урология», «Зертхана ісі», «Балалар неонатологиясы» салалары бойынша тәжірбиелі мамандар дайындау жұмыстары қолға алынған.
#Педиатрияорталығы
#РизаБоранбаева
#Жасмамандар
#резиденттер