2-3 тамызда Zoom-конференция форматында коронавирустық инфекциясы және мультижүйелік қабыну синдромы бар балаларға консультативтік-практикалық, диагностикалық көмек көрсету бойынша өңірлік мультидисциплинарлық топтармен семинар-кеңес өтті.
Семинар жұмысына 80-нен астам адам қатысты, олардың ішінде ПБХҒО және өңірлердің мамандары ғана емес, сонымен қатар ҚР UNICEF ұлттық кеңесшілері және ҚР-дағы БҰҰ «UNICEF» балалар қорының өкілдері де болды.
Семинар ҚР ДСМ Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры М.Х. Ембергенованың алғы сөзімен ашылды.
Семинар барысында м.ғ.д., «ПБХҒО» АҚ Басқарма төрағасы, ҚР ДСМ-нің штаттан тыс бас педиатры Риза Боранбаева «COVID-19 пандемиясы кезінде балаларға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру. Мультижүйелік қабыну синдромы және COVID-19 бар балаларға кеңес берудегі сараптамалық кеңестердің рөлі» тақырыбында баяндама жасады.
«С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» КЕАҚ балалар жұқпалы аурулары кафедрасының доценті, м.ғ.к. К.А. Умешева «ҚР-дағы балалардағы COVID-19 коронавирустық инфекциясын емдеудің клиникалық хаттамасы» ковидке шалдыққан балаларды емдеу бойынша өзекті ақпаратты ұсынды.
М.ғ.д., «Астана Медицина Университеті» балалар анестезиологиясы, қарқынды емдеу және ЖШК кафедрасының меңгерушісі, ҚР ДСМ-нің штаттан тыс бас балалар реаниматологы/анестезиологы Н.А. Малтабарова балалардағы COVID-19 коронавирустық инфекциясының ауыр ағымы кезіндегі қарқынды емдеу принциптерін баяндап берді. Ал «С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» КЕАҚ-ның PhD докторанты И.С.Жақсыбаева ҚР-дағы балалардың мультижүйелік қабыну синдромын емдеу нәтижелерін ұсынды.
Семинар алаңында ковид және мультижүйелік қабыну синдромы бар балаларды диагностикалау мен емдеудің ең өзекті мәселелері талқыланды.
Семинар аясында COVID-19 коронавирустық инфекциясы және балалардағы COVID-19-бен байланысты мультижүйелік қабыну синдромы тақырыбында викторина өтті.
#ковид #семинар #Педиатрияорталығы #Балалардағыковид